Оқы, оқы және оқы
27/11/2023, 09:12

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАРДЫ ОҚУҒА БОЛАТЫН САЙТТАР:

  • Epub.kz сайтында қазір көптеген қазақ қаламгерлерінің электронды кітаптары жинақталған.
  • Одан бөлек WikiBilim Қоғамдық қорының kitap.kz жобасы іске қосылды. Мұнда да қазақтың біраз қаламгерлерінің кітаптары самсап тұр. Сонымен бірге нарықтағы ақылы кітаптардың электронды нұсқасы бар. Бұл қосымша тегін қызмет көрсетеді.
  • AudioKitap – қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын тыңдау мүмкіндігін ұсынатын ауқымды онлайн платформа. Мұнда ұлттық әдебиетіміз бен отандық ғылымның, өнеріміз бен сан саладағы шығармашылық өкілдеріміздің жәдігерлері заңды негізде жинақталған.
  • Google Books – іздеуге болатын жүз мыңдаған тегін және сатып алуға болатын кітаптар журналдар бар ақысыз Google қызметі. Бұл сайттан шетелдік кітаптарды таба аласыз.
  • MyBook қосымшасы – электронды кітаптарды жүктеп алуға арналған кітапхана. Бұл жерде кітаптарды жүктеп алып оқи аласыз. Сонымен қатар, аудиокітаптар да бар. Бұл қосымша ақылы.
  • ReadEra қосымшасы. Бұл жерде кітаптарды әртүрлі форматта – FB2, PDF, EPUB, WORD, TXT және т.б. оқи аласыз. Қосымша ақысыз жұмыс істейді. Бірақ тек смартфоныңызға жүктелген кітаптарды ашады.

 

Электронды кітаптарды табуға, жүктеуге арналған Телеграм-каналдар:

  1. @kzkitap «Қазақша кітаптар» телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, электрондық нұсқада. Жаңа әдеби кітаптар жиі салынып тұрады.
  2. @kitapsuyer каналынан қазақ, орыс тіліндегі кітаптарды таба аласыз. Көбінесе қазақ әдебиетіндегі кітаптар шығады.
  3. «Книги по психологии» деген каналдан орысша психологиялық кітаптарды таба аласыз. Кітап қоры өте мол.
  4. @SonmiBot деген бот бар. Оған өзіңіз іздеген кітаптың атын немесе автордың атын жазсаңыз, іздегеніңізді тауып береді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 46 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: