Оқы, оқы және оқы
20/11/2023, 09:27

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ

Электронды кітаптарды оқудың пайдалы тұстарымен қатар зиянды жақтары да бар.

Ең алдымен, көз жанарыңызға зиянын тигізеді. Ұзақ уақыт бойы смартфонға үңіліп отыру көзіңіздің көру қабілетін нашарлатады. Электронды кітапты оқудың арнайы ережелері бар. Солармен танысып, ережелерді естен шығармаған жөн.

Сонымен қатар, британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған.

Олар барлық медициналық қараудан оның ішінде магнитті резонансты томографиядан өтіп, жүректерін тексертеді. Алайда дәрігерлер көру қабілетін жоғалтатын еш ақау таппаған. Офтальмолог екі әйелдің де көз жанары көрмей қалатындай олар немен айналысқанын анықтады. Белгілі болғандай, екеуі де түнде төсекте бір қырындап жатып, бір көзі жастықпен жабылған күйі жалғыз көзбен телефонын қарайтын болған.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әртүрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді.

Қағаз кітапты оқығанда оқу процесі білінеді. Қанша бет оқылғаны, қанша бет қалғаны оқырманға айқын көрініп тұрады. Яғни қолмен ұстап, көзбен көре аламыз. Ал электронды кітапты оқығанда ондай мүмкіндік болмайды. Тек цифрлардан хабардар болып оытра аламыз.

Электронды кітапты оқу бәрібір қағаз кітапты оқығандай болмайды. Дегенмен әркім өзіне ыңғайлысын таңдауы керек. Кейбір адамдар кітапты қолына ұстап, қарандашпен астын сызып, иісін сезіп, рахаттана оқығанды жақсы көреді. Ал кейбір адамдар қағаз парақтап отырмай, жеңіл әрі ыңғайлы электронды кітапты оқығанды ұнатады.

Егер де электронды кітапты оқитын болсаңыз, денсаулығыңызға зияны тимес үшін арнайы құрылғылардан оқыған жөн. Олардың экраны смартфонның экранындай емес, дәл кітап бетіндей болып тұрады. Көзге зарарын тигізбейді. Электронды кітаптар E-link немесе SiPix, Kindle6 PocketBook секілді технологиялар арқылы шығарылуда. Осы арқылы кітабыңызды қалаған фонға, шрифтке ауыстыруға болады.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 50 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: