15/11/2023, 23:33 | |
ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ Қазір технология қарыштап дамыған заманда оқығың келетін кітапты кітапхана мен кітап дүкендерінен іздемей-ақ, оның электронды нұсқасын алып, кез келген жерде оқи аласың. Электронды кітап шыққалы, баспа өндірісінің жұмысы азайып қалды. Бұрынғыдай мыңдаған таралыммен шығатын кітаптың саны азайды. Осылайша, қағаз кітаптың орнын қазір электронды кітап басып келеді. Оның тиімділігі де мол болып тұр. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын. Смартфонға жүздеген кітапты сыйғызуға болады. Сөйтіп, қалаған кітабыңызды смартфоннан әп-сәтте тауып аласыз. Бұл саяхатқа шыққанда тиімді. Жолда оқитын кітаптарыңызды сөмкеңізде арқалап жүрмейсіз. Смартфоныңызға не арнайы планшетке жүктеп аласыз да, оқи бересіз. Электронды кітаптардың бағасы қағаз кітаптан қарағанда анағұрлым арзан. Көптеген кітаптар 2,3 есе арзан болып келеді. Бұл оқырман үшін тиімді. Ал баспагер үшін тиімді ме? Олар саудадан ұтылып қалмай ма? Бұл сұраққа баспагер – Марат Ахмеджанов «Электронды кітап тез дайындалады, бағасы да арзан болады. Қазір әлемде кітаптың электронды нұсқасы өтімді болып жатыр. Оны сатып алудың жолы жеңіл. Экологияға пайдасы көп. Қағаз шығындамайсың. Баспагерлер үшін электронды кітаптың табысы қағаз кітап сатқанмен бірдей. Әрине, электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда бірнеше есе арзан тұрады. Алайда оған қағаз шығындамайсың, тасымал жасамайсың, сақтандыруға бермейсің. Егер біз сол шығындарды есептейтін болсақ, электронды кітаптың пайдасы қағаз кітаптан түсетін пайдамен бірдей болады» деп жауап береді. Электронды кітаптың тағы бір тиімді тұсы – оқыған кітаптарыңның барлығын бір ғана құрылғыда сақтай аласыз. Қағаз кітапты оқитын болсаңыз, оларды жинастыруға арнайы сөрелер, көбейіп жатса, арнайы бөлме қажет. Ал сіз минималист болсаңыз, не көп саяхаттайтын адам болсаңыз, электронды кітаптарды қолдану өте тиімді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |