Оқы, оқы және оқы
09/10/2023, 09:29

МОРТИМЕР АДЛЕРДІҢ КІТАП ОҚУҒА АРНАЛҒАН 4 ТӘСІЛІ

Инспекциялық әдістің озық үлгісін қазақтың біртуар қаламгері Асқар Сүлейменов меңгерген.

Ол шәкірттерімен отырған кезде шәкірттері оған қанша оқыса да түсіне алмаған бір әңгіменің бар екенін айтады. Асқар сүлейменовтің қолына кітапты ұсынады. Ол Акутагаваның әйгілі «Батат езбесі» («Бататовая каша») атты шығармасы еді. Асекең әңгімені оқыған жоқ. Тек бірінші бетті қарады, қалғанын немқұрайлы парақтап өтті де, соңғы бетке бірнеше секунд қана көз тоқтатты да:

- бұл жапон миниатризмінің өлімі жайлы әңгіме, - деді содан соң сәл күрсініп, орындықтың арқалығына шалқайып.

Шәкірттері оның кітапты толық оқымағанын көріп, жауабына қатты таң қалды. Сонда Асекең:

- Әңгіменің басында бір самурайдың батат ботқаны жақсы көретіндігі, сүйіп жейтіндігі айтылады ғой, солай ма? Ал әңгіменің аяғында басқа самурай оны қонаққа шақырып, алдына бірнеше жүз адам жейтіндей қылып, батат ботқасын тау қылып үйіп қояды. Осыдан кейін бас кейіпкер сол тамақты жек көріп кетеді. Яғни бұл жапон мінезіндегі не нәрсенің шағын, аз болғанын қалайтын миниатюризмге айтылған мадақ жыр, - деп барлығын түсіндіріп береді.

Сонда Асқар ағадан осылайша қалай оқуға жеткенін сұрағанда, ол:

- Көп адам сөйлем қуалап оқиды. Ең өнімсіз тәсіл. Ол бұрынғы әдебиетке жарасатын. Ал қазіргі әлем әдебиетінің құрылымы мүлдем басқа, тиісінше ондай әдебиет басқаша оқуды талап етеді. Қысқаша айтақанда, қазіргі текстер сөйлемнен емес – блоктардан тұрады. Орыстар оны «смысловые блоки», «смысловые куски» дейді. Бізше «мағыналық блоктар», - деп жауап береді.

Әуелі инспекциялық әдіспен кітапты бір шолып шыққан соң аналитикалық оқуға кірісуге болады. Бірақ кез келген кітап аналитикалық оқуға икемі бола бермейді. Себебі кей кітаптар бір бастаудан таралады, ал кейбірі бірнеше бастауды бірге алып жүріп, бір арнаға тоғыстырады. Екінші түрі дәл осы аналитикалық әдіске сай келеді.

Күрделі кітаптың күрделі сәттері жиі кездеседі. Соларға қайта-қайта оралып отыру қажет.

Адлер бұл әдістің негізгі қағидасы кітапты үзіп алмай оқу керек дейді. Яғни түсінбеген сөзді, түсінбеген жерді басқа жақтан іздеп алаңдамау керек. Оған негізгі ойды оқып біткеннен кейін кірісу керек.

Аналитикалық оқудың үзілмес бөлшегі – конспект жазып отыру. Өйткені қомақты ақпаратты есте сақтап отыру – қиынның қиыны.

Күрделі көркем шығарманы оқу кезінде абзацтық жүйемен оқыған жөн. Яғни бір абзацты оқып болғаннан кейін оның мазмұнын ойша қайталап шығу керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 47 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: