Оқы, оқы және оқы
02/10/2023, 09:19

МОРТИМЕР АДЛЕРДІҢ КІТАП ОҚУҒА АРНАЛҒАН 4 ТӘСІЛІ

Мортимер Адлердің 1940 жылы жазылған «Кітапты қалай оқу керек?» атты кітабы бар. Кітап сексен жылдан аса бұрын жазылса да, маңызы мен құндылығын еш жоғалтпаған. Сол еңбекте жазылған кітап оқудың 4 түрлі әдісімен таныс болыңыз.

1) Бастауыш

Бұл әдіс, аты айтып тұрғандай, бастауыш сыныпта үйрететін оқу түріне сай келеді. Яғни сөздердің мағынасын бірінің артынан бірін жалғап оқу және сюжеттік желіге ілесіп отыру. Одан артық ештеңе жоқ.

2) Инспекциялық

Бұл әдіс бойынша оқитын адам тиіп-қашып оқитындай көрінер, бірақ инспекциялық әдіс уақыт тығыз болғанда, көлемді кітаптарды игеру керек болғанда өте тиімді. Әдістің негізгі техникасы былай құрылған: алғашқы беттің басын шолып шығу, кейін соңғы жағына көз жүгірту, беттің ортасындағы сюжеттің құбылмалы тұстарын түйінді сөздер арқылы табу.

3) Аналитикалық

Аналитикалық әдіс бойынша оқырман кітап мәтініне толығымен еніп кетеді, ақырын оқып, өзіне белгілер қойып, білмеген сөздерін іздеп, зерттеп отырады. Негізгі мақсат – автор идеясын мейлінше жан-жақты игеру. Бұл әдіс ғылыми еңбектерді, күрделі шығармаларды оқу кезінде пайдаланылады.

4) Зерттеу

Зерттей отырып оқу үшін бір емес, бірнеше кітапты қатар оқу керек. Мұнда акцент автордың бір ойы емес, оқырманның тақырыбына шоғырланған бірнеше автордың үзік ойларына қойылады.

Кітап оқымас бұрын Мортимер адлердің ұсынған әдістерінің біреуін таңдап кітап оқу барысында қолдануға кеңес береміз. Сол кезде оқу жеңілірек әрі тиімдірек болады. Мысалы, әдеби кітапты зерттеу әдісімен емес сюжетке ілесе отырып оқылатын бастауыш әдіспен оқыған абзал. Ал инспекциялық оқу әдісі дүкенде кітап таңдап тұрғанда қажет болады. Керекті кітапты жылдам анықтау үшін немесе өзіңізге қызықты тақырып бар-жоғын тез білу үшін инспекциялық шолу жасалу керек. Бірінші кітап атын оқып, оның мұқабасын шолып өту қажет. Көп адам бірінші кезекте кітап артындағы мазмұнын оқуға кіріседі. Бұл керек те шығар, бірақ кітаптың негізгі идеясын жазушы тақырыпқа сыйдырады. Егер тақырыптан түсіну мүмкін болмаған жағдайда мазмұнын, алғашқы екі бетті, бөлімдердің атын түйсініп көру керек. Сонымен қатар ғылыми кітаптарды осы әдіс арқылы меңгеріп алу оңай. Себебі кітаптарда негізгі түйіндер мен қорытынды ойлар көрсетіледі. (жалғасы бар) 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 53 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: