26/09/2023, 23:13 | |
АДАМНЫҢ ТҮРІН ЖАТТАУ ӘДІСТЕРІ Мұрын Мұрын да солай: ірі мұрын, грек мүсіндеріне ұқсайтын мұрын, құс тұмсық мұрын, арка мұрын, картоп мұрын, қыр мұрын, дөңес мұрын, қисық мұрын, сынған мұрын. Адамның ерніне, тісіне, құлағына, дене пішіміне, бойына, иығына қарап, көп ақпарат жинауға болады. Адамның жүрісіне, күлкісіне, ымдауына, қол сермеуіне, дауыс мәнеріне қарап, көп нәрсені байқауға, жаттауға болады.
Лайықты теңеу Адамды сипаттау үшін лайықты теңеу таба білу керек. Ат сияқты күлетін адам, түлкі сияқты қу, қояндай қорқақ адам, сұйық адам, керіктей ұзын. Немесе ассоциация ретінде танымал біреуге не нәрсеге ұқсатса болады. Шварцнегрге ұқсайтын қапсағай денелі адам, сужылан сияқты сусылдап қалған, шкаф секілді денесі бітіп қалған адам, қой сияқты момын, ит секілді шәуілдей беретін адам, гүлдей нәзік, т.б.
Ерекше ақпар Біздің миымыз әдеттегі заттардан гөрі ерекше нәрсені жақсы есте сақтап қалады. Мысалы, екі адамды сендерге таныстырайын. Біреуінің аты – Қойшыбай. Екінші кісінің аты белгісіз, бірақ мамандығы – қойшы, яғни жайлауда қой бағады. Бір айдан кейін осы екі кісі туралы сұрасам, бірінші адамның есімін ұмытып қаласыңдар. Ал екінші кісінің қойшы екенін ұмытпайсыңдар. Себебі миға адамның есімінен гөрі қандай іспен айналысып күн көретіні қызығырақ. Ал анау кісінің қойшы екендігі қызық. Мұндай ақпаратты оңай жаттау үшін қосымша ақпарат қосу керек. Мысалы, Қойшыбайдың мамандығы – дәнекерлеуші (сварщик). Көпір салумен айналысады. Сазгерлік қабілеті бар. Анасына арнап ән шығарған. Ыңылдап айтып жүреді. Ал қойшының есімі – Болат. Қойшы демесең, былай джип мінеді, үйі екі қабатты. Залдың бір қабырғасын кітапқа толтырып қойған. Әлемдік классиканың бәрін оқыған. Қой бағып жүріп кітап оқу әдетіне айналып кеткен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 56 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |