Оқы, оқы және оқы
26/09/2023, 22:49

КІТАП ОҚУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРА БЕРУ

Прокрастинация – істі кейінге қалдыру әдеті. Әлемде бес адамның бірі – прокрастинатор. «Жалқаудың ертеңі бітпес» деп жатады. Прокрастинация жалқаулық емес. ол – психологиялық мәселе. Кейде оны «Скарлетт синдромы» деп те атайды. Кез келген маңызды істі, мысалы, кітап оқуды бірден бастап кетпей, уақыт созып кәмпит жеу, телефон ақтару, Youtube қарау сияқты ұсақ-түйекпен алдану керек. Прокрастинациядан құтылудың ең тиімді тәсілі – кітап оқығанда дедлайн қою.

Қолыңызға бір кітапты алып, шамамен оқып шығатын уақытыңызды жобалаңыз. Бар зейінді кітапқа шоғырландырыңыз. Ол бұл проблеманы былай жеңді: кітап оқи бастағанда таймерді қосты. Оқып болғанда, тоқтатып отырды. Сөйтіп, кітап оқу уақытын 1 сағатқа жеткізуге деген мотивация пайда болды.

 

Алмастырып оқу

Байқасаңыз, теледидардан кино, концерт, бағдарлама көргенде камераның бағыты жиі ауысып тұрады. Бірде сөйлеп жатқан адамды, бірде тыңдап отырған адамды, бірде көрерменді т.б. фокусты алмастырып көрсетеді. Бұл көрермен жалығып кетпес үшін жасалады. Ми бір бейнеге үздіксіз қараса жалығады. Сол себепті екі адам сұхбаттасса, айтыс болса, ауық-ауық камераның бағытын өзгерітп отырады. Кітап оқығанда да кітаптың форматын өзгертіп отыру оқырманды жалықтырмайды. Мысалы, «Оң қол» кітабын қағаз түрінде бастап, 10 бетін дәстүрлі кітап түрінде оқыңыз. Жалыға бастағанда 10 бетін электронды түрде оқыңыз. Жалыға бастағанда 10 бетін электронды түрде оқыңыз, 10 минут аудио нұсқасын тыңдаңыз. Осылай кітапты 1-2 күнде емін-еркін оқып тастауға болады. Формат ауысқанмен қабылданатын ақпарат бір.

Мысалы, «Абай жолы» кітабының 4 форматы бар:

  1. Қағаз кітап
  2. Электронды кітап
  3. Аудио кітап
  4. Видео саммари

Осы 4 форматты алмастырып оқысақ, кітаптың 4 томын жеңіл әрі тез аяқтауға болады.

 

1 уақытта 5 кітап оқу

Бір уақытта адам миы 5 кітапты қатар түсіне алады. Алайда 5 кітаптың бағыты әртүрлі болуы керек: бір кітабыңыз діни, біреуі рухани, психологиялық, әдеби, мотивациялық. Егер бір жанрдағы 5 кітапты қатар оқысаңыз, әбден шатасасыз. Бес бірдей адаммен үздіксіз, тыңдамай бір уақытта сөйлескен секілді.

Әртүрлі жанрды араластырып оқысаңыз, шатаспайсыз. Бір кітаптан жалыға бастасаңыз, келесі кітапты келген жерінен жалғастырып оқи бересіз. Әдеби кітап оқып сөздік қорыңыз дамыса, діни кітап рухани әлеміңізге азық болады. Психологиялық кітап оқу арқылы мінезіңіз өзгеріп, адамдарды тани түсесіз. Ал мотивациялық кітап алға қарай ұмтылдырып отырады.

Бір уақытта 5 бірдей кітап оқу бес қырыңызды қатар дамытады.

Өзіңіздің шама-шарқыңызға қарай кітап санын көбейтіп, азайтып отырасыз.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 58 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: