Оқы, оқы және оқы
26/09/2023, 22:25

МИДЫ КІТАП ОҚУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

1979 жылы нейробиолог ғалымдар ми қалыпты жұмыс жасағанда «бақыт гормоны» көп бөлінетінін дәлелдеген. Ал мида бақыт гармоны көп бөлінсе, есте сақтау қабілетіңіз арта түседі. Кітап оқу миға күш салады. Елестету керек, есте сақтау керек, қорыту керек. Кітапты еркіңізден тыс, өзіңізді қинап оқысаңыз, миды жалықтырып аласыз. Сол уақытан бастап, миға кітап оқу ауыр процесс болып жатталып қалады. Келесіде кітап оқымас үшін сізге көп сылтау тауып береді.

Адамның миы күнделікті қайталайтын жұмысына көбірек энергия бөледі. Мысалы, «шай ішпесем, басым ауырады» дейтін адамдар бар. Ол кісі шай ішетін уақытта ми организміне сұрау салып тұрады. Мидың осы қасиетін кітап оқу үшін пайдалануға болады. Ол үшін кітапты ылғи бір уақытта оқыңыз. Бүгін таңғы 7:30-да оқысаңыз, ертең де 7:30-да оқыңыз. 1 апта, 1 ай, 1 жыл, 10 жыл бойы таңғы 7.30-да оқыңыз. Кейін ми сізге осы уақытта көбірек энергия бөлетін болады.

Миды осы автопилотты режимге түсіресіз. Ал ми автопилотты режимге түссе, кітап оқу жеңіл боп көрінеді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, ми 72 сағатта автопилотты режимге ауысады. Миыңызды автопилотты режимге ауыстырыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 48 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: