Оқы, оқы және оқы
19/06/2023, 20:34

КІТАП ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАН ОЯТУ

2. АҚШ-тың Эмори оқу ордасының оқытушылары зерттеу барасында адам миы бір іске қызығу үшін ол істен пайда, эмоция немесе ләззат алу керек деген тұжырымды дәлелдеді. Мидың алдыңғы бөлігіне көбірек гормондар бөлініп, іске деген қызығушылықтың артатыны белгілі болған.

Кітап оқудан да пайда көруге дағдылану керек. Кітаптан пайда немесе ләззат алатын болсаңыз, сізге кітап оқу оңайырақ бола түседі. Кітаптан пайда алу үшін кітаптың мақсатына сай әрекет етуімізі керек. Мысалы, бір кітапты оқығанда сіз қаржылық сауаттылығымды арттыруым керек. Шығынды азайтып, кірісті көбейтуім керек деп мақсат қойдыңыз. Кітаптағы айтылған кеңестер мен лайфхактарды үздіксіз қайталадыңыз. Кітапты толықтай бітірген сәтте мақсатыңыз орындалды делік. Сіз кітаптан қандай да бір пайда алдыңыз. Миыңыз бұл істің жақсы екеніне толықтай көзі жетеді. Көшеде ақша тауып алып, оны өз кәдеңізге жаратқан секілді өзіңізге кішкене болса да кітаптан пайда алдыңыз. Әр оқыған кітабыңыздан пайда алып отырсаңыз, кітап оқуға деген қызығушылығыңыз арта түседі.

3. Кітапты күнделікті оқу. Бұл оқырманға шабыт немесе ынта сыйламайды. Бұл принципті былай түрлендіруге болады. Мысалы, сіз кітаптың неше бетін оқыған соң жалығып кетесіз немесе зерігесіз?

Оны тест түрінде өзіңізге жасап анықтап алыңыз. Уақытын қоса анықтаңыз. Сіз кітаптың 18 бетін оқыған соң жалығатын болсаңыз, сол жерден аяқтаңыз. Сіздің көрсеткішіңізді былай деп алайық: 20 минутта 18 бет. сіз ертеңіне осы көрсеткішті жаңартасыз. Мысалы, ертең кітапты 21 минутта оқисыз немесе кітап бетін 19 бетке көбейтесіз. Әр күн сайын бір өзгеріс жасап отырыңыз. Аз-аздан жасап отырыңыз. Егер бірден 20-30 бет қосып жіберсеңіз, жалығып мүлде кітап оқуға деген ынтаңызды өшіріп аласыз. Дінімізде де мынадай хадис бар: «Амалдың ең абзалы – аз болса да жалғасын тапқаны».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 53 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: