Оқы, оқы және оқы
12/06/2023, 22:21

КІТАП ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАН ОЯТУ

Оқырманның барлығы көшбасшы болмауы мүмкін, бірақ барлық көшбасшы – оқырман.

Гарри Трумэн

1. Кітап оқуға қызығушылықты арттырудың алғашқы жолы – жан-жағына мән беру. Араласып жүрген достарына, тыңдап жүрген әуендеріне, көріп жүрген киноа, ортаңа мұқият анализ жасау. Адам – өзі оқыған, көрген, сөйлескен адамдардың жиынтығы. Адамның болмысы, іс-әрекеті ортасына қарай өзгеретіндігін ескеруіміз қажет. Адамның әрбір тұтынған ақпараты, адам өміріне әсер етпей қоймайды.

АҚШ-тың Northwestern университетінің ғалымдары, бірге уақыт өткізген адамдардың ми толқындары бір-біріне ұқсай бастайтындығын анықтаған. Ендеше, араласатын ортамызға мұқият болғанымыз жөн.

Бұл – өзіңізді білімді, мақсатына берік, ізденімпаз, жиі кітап оқитын ададмармен қоршау дегенді білдіреді. Себебі олар өздерінің сөйлеу мәнерін, ойларын, іс-әрекеттерінің жағымды жақтарын сізге сіңіреді. Ал егер мазасыз, жалқау адамдармен аралассаңыз, біраз уақыттан кейін өзіңіз де сондай боп кетесіз.

АҚШ-тың солтүстік-батыс университетінің нейробиологы Моран Церф адамдардың бір-бірімен араласуы миға қалай әсер ететіндігін 10 жыл зерттеді. «Бірге уақыт өткізген адамдардың милары бір-біріне ұқсас келеді», - деген профессор Моран Церф.

Екі апта бірдей фильм көрген, бірдей кітап оқыған, ортақ тәжірибелерімен бөліскен және бір-бірімен ғана әңгімелескен екі адамның сөздері, сезімдері, көзқарастары бірдей дамитынына көз жеткізген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде профессор Моран Церф: «Өмірінде қабылданатын ең дұрыс шешім – кіммен уақыт өткізетініңді саналы түрде таңдау», - деп қорытындылайды.

Адамға негізінен орта қатты әсер етеді. Осыны ескерген қазақ «Ат пен есек бір ахырда тұрса, мінездес болады», «Алма алмадан реңк алады», «Ұлың өссе, ұлы жақсысымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсысымен ауылдас бол», «Сынықтан басқасының бәрі жұғады» деп бекерге айтпаса керек.

Кітап оқуға қызығушылықты арттырудың алғашқы қадамы – кітап оқитын орта табу. Оқырман клубтарының мүшесі болу. Кітапханаға жиі барып, кітап оқитын жандармен сұқбат құру.

Сіз осылай «ортаға ілесемін» деп кітап оқуға қызығушылығыңызды арттырып аласыз. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 54 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: