Оқы, оқы және оқы
05/06/2023, 22:03

БИБЛОТЕРАПИЯ

Адам не оқыса, сол болады.

Иосиф Бродский

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді. Бұл өз кезегінде нейродегенеративті аурулардың пайда болуын тежейді.

Ғалымдар кітап оқу – рухани дамуға ғана емес, тән саулығына да пайдалы екендігін дәлелдеп отыр. Ливерпуль университетінің ғалымдары Шекспирді оқыған оқырмандардың ми белсенділігі өзгергенін байқады. Кейін зерттеле келе кітап оқудың денсаулыққа пайдалы екендігі де дәлелденеді.

Еуропа елдерінің ауруханаларында науқасты емдеу үшін «библиотерапия» әдісі жиі пайдаланылады.

Библиотерапия – арнайы таңдалған әдебиеттің көмегімен адамның психикалық жағдайын түзету әдісі.

Бұл әдіс стресстік жағдайлар мен әртүрлі фобиялары бар науқастарды оңалту үшін қолданылады. Қажет болса, әркім өзі үшін медициналық кітапты таңдай алады.

Библиотерапияның негізгі мақсаты:

  • Кітап қызықты болуы керек;
  • Оқу тек рахат әкеліп қана қоймай, ойлануға мәжбүр етуі керек.

Ең бастысы, науқасқа таңдалған кітап шынайы болғаны дұрыс. Кітаптағы басты кейіпкердің өмірі науқастың өмірімен ұштасып жатса, науқас өз ауруын тез жеңеді. Кітапты оқу барысында науқас өз өміріндегі кикілжіңге шешім табу керек.

Библиотерапияның қағидасына сүйеніп, диагнозға байланысты ұсынылатын кітаптар:

Классикалық әдебиет – стресс, невроз, күйзелісті емдеу үшін қолданылады.

Детективтер мен оқиғалар – жүйкеге күш түскенде, өмірден түңілуді емдеу үшін оқуға беріледі.

Ғылыми фантастика, қиял – фобиямен (қорқынышпен), қатаң кесте бойынша өмір сүретін науқастарға ұсынылады.

Поэзия – депрессияға түскен науқастарға арналады. Өлең оқу инсульттан кейін қалпына келтіру кезінде және сөйлеу терапиясында қолданылады.

Ертегілер мен фольклорлық әдебиет – созылмалы аурумен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге беріледі.

Әзіл-сықақ әдебиеті – жасөспірімдер-өтпелі жаста, операциядан кейінгі кезеңде көңіл-күйді жақсартады.

Философиялық және рухани әдебиет – стресстерде, созылмалы депрессияларда оқуға ұсынылады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 54 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: