КІТАПТЫ ҚАЙ УАҚЫТТА ОҚУ КЕРЕК?
Кітап оқымай өткен күн – бекер өткен күн.
Василий Сухомлинский
Кітапты қай уақытта оқыса көбірек есте қалады? Осы сұрақ төңірегінде біраз еңбектер мен зерттеулерді іздендік. Зерттеген ғалымдардың да еңбектеріне сүйендік. Назар салыңыз!
- «Скорочтение на практики» кітабының авторы Павл Палагин кітапты тұрақты бір уақытта оқуың керек деп кеңес береді. Мысалы, түскі сағат 15:00—де оқысаңыз, ертең де, одан кейін де түскі сағат 15:00-де оқуыңыз керек. Ми сол уақытта автоматты режимге түседі. Күнде түскі 15.00-де ми кітап оқуға мол энергия бөліп тұратын болады.
- Хэл Элдрод «Магия утра» кітабында кітапты таңертең оқыған жөн деп көреді. Мидың ең белсенді уақыты таңғы сағат 7-9 аралығында. Сол уақытта ми ақпаратты қабылдауға бейім болады. Кітап осы уақытта оқылса, мидың тынығуы жүзеге асады. Екі пікір де орынды. Миды зерттейтін нейробиолог ғалымдар кітапты оқуға ыңғайлы уақыт деп таңғы сағат 5-7 арасын айтады. Мидың ақпаратты қабылдауға ең белсенді уақыты.
Екінші уақыт – кешкі уақыт. Нақтысы, күн батуға таяу уақыт. Осы уақытта оқылған ақпарат жақсы есте қалады. Бұл көрсетілген уақыттар ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сонымен бірге, Ислам дінінде де осы уақытта есте сақтау қабілетінің жақсы жұмыс жасайтыны айтылған.
2007 жылы Гарвард университетінің мамандары мидың ақпаратты қабылдау уақытына байланысты зерттеулер жүргізді. Зерттеуге 300-ге жуық әртүрлі жастағы адамдар қатысты. Зерттеу 1 айға жуық уақыт жүреді. Әр күн сайын қатысушылардың миы тексерііп отырды. Зерттеуге сәйкес ақпаратты қабыладуға арналған арнайы уақыттар тізбегі шықты:
- Таңғы сағат 6-дан 7-ге дейінгі уақытта мидың жұмыс істеу, жаттау қабілеттілігі өте жоғары деңгейде болады. Сондықтан осы кезде оқыған, жаттаған кез келген ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтауға болады. Яғни ақпарат миға өте жеңіл түрде қабылданады.
- Таңғы сағат 8-ден 9-ға дейін уақытта логикалық ойлау қабілеттілігі арта түседі. Есте сақтау қабілеттілігі жоғары болады. Өлең жаттауға, кітап оқуға таптырмас уақыт.
- Таңғы сағат 9-дан 10-ға ғылыми тақырыптарды оқуға ыңғайлы уақыт. Салыстырмалы мәліметтермен жұмыс жасауға өте тиімді.
- Түскі сағат 11-ден 12-ге дейінгі уақытта интеллектуалдық ойлау қабілеттілігі төмендейді. Сондықтан назарыңды басқа нәрсеге аударған дұрыс. Мысалы: музыка тыңдауға, сергітетін жаттығулар жасауға.
- Түскі сағат 12:00-ден 14:00-ге дейінгі уақыт – нағыз түскі асқа арналған уақыт. Түскі ас кезінде миға энергия бөлініп, өз қорын толықтырады.
- Сағат 12.00-ден 18:00-ге дейінгі уақыт – белсенді жұмысқа арналған ең ыңғайлы уақыт. Осы уақыт аралығында ми энергиясы азаяды. Сондықтан 20-30 минут ұйықтауыңызға болады. Түскі уақытта 20-30 минут тынықсаңыз, ми белсенді жұмыс жасайды.
- Сағат 20.00-ден түнгі 23:00-ге дейінгі уақытта ми толықтай демалады. Осы уақытта классикалық ән тыңдау, хоббиіңізбен айналыссаңыз болады.
- Сағат 23:00-ден түнгі 01:00-ге дейінгі уақытта адамның барлық дене мүшесі тынығады. Энергияны қалпына келтіреді. Толықтай ас қорытылып бітеді.
- Сағат түнгі 01:00-ден 03.00-ге дейінгі уақытта ұйықтап жатқан адамның қан қысымы артады, тыныс алу, тамырдың соғуы жиілеп, зат алмасу күшейеді. Ертеңге толықтай күш-жігер жиналады.
баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|