Оқы, оқы және оқы
02/05/2023, 23:31

КІТАП ТАҢДАУ ФОРМУЛАСЫ

Бір кітапты оқыған екі адамды кездестіре алмайсың.

Эдмунд Уилсон

Бұл тәсіл іскерлік әдебиет бағытындағы кітаптарға қолданылады. Кітапты оқымас бұрын, өзіңізді қызықтырған бір тақырыпты оқып шығыңыз. Тақырыпты автор оқырман көп сатып алсын деп әдемі, адам тартатындай етіп қоюы мүмкін. Алайда тақырыпты автор аша алуы, жаңа мәлімет бере алмауы мүмкін. Сол себепті, кітаптағы тақырыптарға көз жүгіртіп қарау керек. Тақырыптың мәнін ашып-ашпағанына көз жеткізіңіз. Қазір кітапты мықты авторлар жазбайды. Қазір кез келген адам – автор. Кімнің қолында қаржы бар болса, сол кітабын жазып шығара алады.

Нарықта «Миллионер қыздың ертегісі», «Менің өмірімнің мәні» т.с.с. тақырыптағы кітаптар бар. Бұл кітаптың мақсаты – автор өз басынан өткен оқиғасын оқырманмен бөлісуі. Кітаптың ішінде адамды селк еткізетін, пайдалы дүниелер жоқ. Кей адамдар өз өмірі жайлы кітап жазады. Ал ол кісі оған лайық болмаған болса ше? Ол кітапты оқыған оқырманға дұрыс емес ой қалыптастырса не болмақ?

Айтқымыз келгені, қазіргі кітаптарда бос сөз көп. Оны қалай анықтаймыз? Бұған дейін айтып өткеніміздей бір тақырыпты ашып оқисыз. Мысалы, ол кітапханадан «Менің сатып алған күйеуім», «Папирус» атты екі кітап көрді. Екі кітаптың тақырыбы кітаптың мәнінен мүлде бөлек. Біреуінде әлем жазушыларының әңгімесі, екіншісінде ақынның өлеңдері жинақталған. Мұнда айтпағымыз, тақырыпқа қарап кітапты оқу сізді сәтсіздікке апаруы мүмкін. Егер бір тақырып 50-60 беттен тұратын болса ше? Егер бір тақырып «Сократтың кітап құрылымдау жүйесі» атты тақырыпшаны оқыңыз.

 

Сократ кітапты қалай құрылымдаған?

Сократ өзінің еңбегінде «көп жазушының жазу құрылымы қарапайым. Алдымен өз ойын айтады, содан кейін маңызды ақпаратпен бөліседі, кейін маңызды ақпаратты түсіндіреді. Яғни хабарлама, баяндама, кітап, газет, мақалада алдымен кіріспе болады әрі қарай негізгі бөлім, содан кейін қорытындылайды» делінген.

Жазушының 90%-ы осы құрылым арқылы кітабын жазады. Тақырып 50-6 беттен тұратын болса, осы құрылымды ескеру қажет. Материал ішінен қалың әріппен жазылған сөйлемдерді тауып оқыңыз. Кітаптың ортасындағы ойға түсіңіз. Сонымен қатар, қорытындыны міндетті түрде оқыңыз. Себебі автор өзінің еңбегіндегі барлық ақпаратты, қысқа-нұсқа түйіндейді. Кітаптың ең нәрлі тұсы – қорытынды. Осылай Сократ жазып кеткен құрылымнан өтіп шығыңыз. Ауқымды материалдың 1 минутта 50-60 пайызын біліп шығасыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 64 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: