03/04/2023, 19:19 | |
КІТАП ТАҢДАУҒА АРНАЛҒАН ТАЛҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Адамдардың арасындағыдай кітаптардың да арасында жақсы немесе жаман қоғамға түсіп қалуға болады. Клод Гельвеций 1. Кітап оқуға талғамды қалыптастырудың тиімді жолы – әртүрлі бағыттағы кітаптарды оқи беру. Кітап оқуға енді қызығып, дағдыға айналдырып жүрген болсаңыз, өзіңізді әр жанрда сынап көріңіз. Бір оқырманға детектив ұнаса, бір оқырманға мотивациялық кітаптар шабыт сыйлайды. Ғылыми, әдеби, тарихи, іскерлік әдебиет т.б. жанрларды да бір шолып шығыңыз. Ертелі-кеш талғамыңыз қалыптасып, нені оқу керектігін, нені оқымау керектігін білетін боласыз. 2. Ойша оқитын кітап көп, бірақ неден бастап оқуды білмесеңіз, сізге ерекше тәсілді үйретейік. Ең жақсы тәсілдердің біреуі – талғамы бірдей досыңыз ұсынған кітапты оқу. Сіз суретшісіз, қызығатын тақырыбыңыз сурет төңірегінде болса, суретші досыңыз ұсынған кітап сізге ұнауы мүмкін. Кез келген адам ұсынған кітапты оқи берген дұрыс емес. себебі сіз күткен ақпарат болмауы мүмкін. Сол үшін талғамы бірдей досыңыздың ұсынған кітабы сізге пайдалы ақпарат, жаңа инсайд алып келеді. Бір журналист сұхбат үстінде американдық кәсіпкер Уоррен Баффеттен жетістігінің сырын сұраған. Ол үстел үстіндегі кітаптарды көрсетіп: «Күніне 500 бет кітап оқыңыз. Күніне 500 бет кітап оқу бәрінің қолынан келеді. Бірақ оған бел шешіп кірісетіндер санаулы ғана», - деген екен. Уоррен Баффетке «Кітапты қалай таңдайсыз?» деген сауал қойылыпты. Ол менімен талғамы, ойы, айтар сөзі бірдей достарым ұсынған кітаптарды оқимын. Реті келсе, оқуға кеңес берген кітабының қызықты тұсын сұрап аламын. Кітаптың желісі қызықтырса оқимын. Қызықтырмаса, уақыт шығындамаймын», - деген. Кітап оқу алдында сіз де Уоррен Баффеттің «кітап таңдау» тәсілін пайдаланыңыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 66 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |