Оқы, оқы және оқы
19/03/2023, 22:04

КІТАП ОҚУДЫ НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?

 Қолға түскенін емес, әбден таңдап, сараптап оқыңыз. Діл мен жаныңызды байытып, оны тәрбиелеңіз.

Иван Тургенев

Қазір кітап оқырманның сұранысын қанағаттандыруға қарағанда, жазушының көбірек ақша, пайда табу үшін шығарылады. Жазушының білімі бар ма, жоқ па маңызды емес. кітаптар шығып жатыр, оқырман алып жатыр. Бұл үрдісті сіз де байқап жүрсіз. ХХІ ғасырда кітап бизнесі алдыңғы қатарда тұрғанына толықтай көзіміз жетеді.

Әлемде әр 20 минут сайын 1 кітап жарыққа шығады. Соның салдарынан ақпарат шектен тыс көп. Бізде кітап ресурсы өз қызметін толықтай атқарып тұр. Алайда бұл кітаптың барлығын оқып шыға алмайсыз. Уақыт пен күш-жігеріңіз жетпейді. Осынша кітаптың ішінен өз кітабыңды дұрыс таңдай алу өте маңызды екенін ұғыныңыз. Сондықтан оқитын кітаптарыңыздың тізімін жасап алған дұрыс.

Сізге кітап әр жақтан келеді. Инстаграмнан көресіз, досыңыздың оқып жүрген кітабына қызығасыз, бестселлер кітаптарды көресіз. Танымал тұлғалар оқуға кеңес берген кітаптармен танысасыз т.б. кітаптар да жетерлік. Осылай сізде «кітапты дұрыс таңдай білу» деген қажеттілік туындайды.

Кітап таңдау өзіңізге киім таңдаумен бірдей. Өзіңізге тар киімді, не өте кең киімді жүре алмайтыныңыз анық. Немесе өз стиліңізге сай болмаған киімді де ыңғайсызданып кие алмайсыз. Сол сияқты кітапты да таңдағанда өзіңіздің стиліңізге, санаңызға сай кітапты таңдаған дұрыс. Әйтпегенде кітапты соңына деін оқып бітіре алмайсыз. Мысалы, әріпті енді үйренген адам ғылыми кітаптарды оқи алмайды, ересек адам ертегі кітаптарды оқи алмайды. Кейбір адамдар мотивациялық кітаптарды оқығанды жақсы көреді, ал кейбіреулер тек әдеби жанрдағы кітаптарды оқудан рахаттанады. Өз қызығушылығыңызға сай дұрыс кітап таңдап үйреніңіз. Қазір «Кітап оқып оытра алмаймын. Ішім пысады» деп жүрген адамдар шын мәнінде кітап оқи алады, олар тек өзіне сай кітапты таңдай алмай жүр. Сіз де сол қатардан болмаңыз. Егер бір кітапты бастап, ол оқу барысында сізді қызықтырмаса, оны соңына дейін оқу міндет емес. кітаптың бетін дер кезінде жаба білу керек. Мүмкін, ол сізге келесі қызықты кітаптың жолын жауып тұрған болар.

Кітапты дұрыс таңдау – қара жерге дәнек еккен секілді, кітап оқып біткенде өз жемісін береді. Кейін оқыған кітабыңыз сөйлеген сөзіңізге, өмірге деген көзқарасыңызға тікелей әсер етеді. Өзіңізге қажеті жоқ, уақыт өткізу үшін оқыған кітаптарыңыз сізге өз пайдасын тигізуі екіталай. Сондықтан кітапты дұрыс таңдай білу өте маңызды.

Қолға түскен кітапты емес, әбден таңдап, саралап оқыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 65 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: