Оқы, оқы және оқы
13/03/2023, 23:20

КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

 Дние жүзінде жақсы кітаптар көп, бірақ бұл кітаптар оқи білген адамдар үшін ғана жақсы.

Дмитрий Писарев

Ғалымдар кітап оқудың – рухани дамуға ғана емес, тән саулығына да пайдалы екендігін дәлелдеген. Кітап оқығаннан зиян шеккен ешкім жоқ. Керісінше, оның пайдасы орасан зор.

Ғабит Мүсірепов айтқандай, «Адамзат мәдениетінің алғы шарттары – дұрыс оқу, дұрыс сөйлеу, дұрыс ойлай алу. Бұндай тәжірибеге тек кітап оқитын адам ғана жетеді».

Кітап оқу қашанда пайдалы іске жатқызылатыны бізге мәлім. Ал сізге біреу тосыннан «кітап оқудың қандай пайдасы бар?» десе, қанша факт келтіре алар едіңіз әдетте, адамның ойына бестен артық пункт келмейді. Сондықтан назарыңызға осы мәселені тереңінен ашатын жадынама ұсынамыз:

  1. Ойды дамытады. Кітап оқудың басты пайдасы – ой-өрісімізді кеңейтеді. Себебі шығарманы оқу кезінде біз басты идеяны, сюжетті түсіну үшін терең ойға түсеміз.
  2. Күйзелістен арылтады. Қазіргі заманда адамдардың басты мәселелерінің бірі – күйзеліс, депрессиядан құтылу. Бұл мақсатта фантастика жанрындағы кітаптарды оқу жақсы көмекші болады.
  3. Сөздік қорыңыз көбейе түседі. Әртүрлі жанрдағы еңбектерді оқығанда күнделікті қолданбайтын сан түрлі сөздермен танысасыз. Егер бір сөзді білмей жатсаңыз, сөздік ала жүгіру міндет емес. кейде белгілі бір терминді түсіну үшін сөйлем не жалпы идеяны білу жеткілікті. Кітапты неғұрлым жиі оқысаңыз, тіл байлығыңыз соғұрлым дами түседі.
  4. Альцгеймер ауруының алдын алады. Соңы зерттеулер нәтижесі бойынша, кітап оқу ми ауруының алдын алуға көмектеседі екен. Себебі оқу кезінде миыңыздың белсенділігі арта түседі. Ал бұл есейгенде ұмытшақтықты, ми ауруларын бодырмайды.
  5. Шығармашылықты дамытады. Креативті адамдар бір сәтте бірнеше идея ұсына білуімен ерекшеленеді. Ал ол идеялар қалай туындайды әрине, оның қайнар көзі – кітап. Шығарманы оқу барысында сіз жүзеге асқан біраз идеялардың «куәсі» боласыз, соның арқасында жаңа біліммен сусындайсыз.
  6. Ойлау мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Оқу барысында біз кейіпкерлерді, киімін, мінезін, бет-әлпетін, қоршаған ортасын елестетеміз. Сонымен қатар оқиғаны толық түсіну үшін есте сақтауға тырысу керек. Осындай әрекет есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады.
  7. Зейін қойып оқуды үйретеді. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсіну үшін зейін қойып оқу керек. Бұл қабілеттің сізге кез келген жерде, қызметте пайдалы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ кітап оқу объективті болуды, дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
  8. 100 сағатты үнемдейсіз. Статистикаға сүйенсек, жазушы бір кітапты жазуға орташа есеппен 100 сағатын арнайды. Ол сіз үшін нені білдіреді? Өзіңіздің 100 сағатыңызды үнемдеу дегенмен пара-пар.
  9. Кітап өзгенің тәжірибесін береді. Кітап оқысаң, өзгенің тәжірибесін көріп, сабақ аласың. «Тайм-менеджмент» тақырыбын зерттеген Брайн Трейсиді оқып, аз уақытта көп іске үлгересің. Анна Шутстың кітабын оқып, жазу арқылы ойды тиянақты жеткізуді үйренесің. Олар сияқты бұл тақырыпты жылдар бойы зерттесең де болады. Қысқа уақыттың ішінде көп тәжірибені басыңнан өткізесің.
  10. Кітап сөйлейтін сөзіңе әсер етеді. «Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» деген екен Н.И.Пирогов. Адам бір оқыған кітабын 5 жылдан кейін оқыса, барлығын біліп отырады. Себебі оқыған нәрсе мидың жадында ұзақ сақталады. Оқыған кітабыңыз жеті айдан кейін сөйлегенде сөзіңізге әсер етеді. Яғни тілдік қорыңызға кітаптағы сөздер сіңеді. Кітапты қазірден оқысаңыз, 7 айдан соң сөзіңізге айналады.
  11. Бір тақырып төңірегінде 7 кітап оқысаңыз, сол тақырып бойынша іргетасыңыз қаланады. Мысалы, сіз жазу өнерін үйреніп жүрсіз, 7 кітаптан соң жазу өнерінің қыр-сырына қанық боласыз. Не себепті 7 кітап екенін ғалымдар дәлелдеген. Мида 7 рет ақпараттар қайталанса, нейрондық байланысы күшейеді. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 74 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: