Оқы, оқы және оқы
27/02/2023, 07:22

ПАЙДАСЫ ЖОҚ ОН КІТАП ОҚЫҒАНША, ПАЙДАЛЫ КІТАПТЫ ҮШ РЕТ ОҚЫҢЫЗ

 Мына заманда күн сайын бір кітап шығып жатыр. Кейбірінің жарнамасы мықты, кейбірі елеусіз қалады. Туысыңыз да кітап шығарып, «Мә, бауырым, оқы! Артынан пікіріңді айтарсың» деп сыйлап кетеді. Сол кітаптардың бәрін оқу қажет пе? Әрине, бәрі сіздің қай кітапты пайдалы деп санағаныңызда. Себебі әркімнің ішкі сүзгісі әртүрлі. Маған ұнаған кітап сізге ұнамауы мүмкін. Сізге ұнаған кітап маған ұнамауы мүмкін. Көптеген адамдардың талқысына түскен, пайдасы мәлім болған кітаптар болады. Ондай кітаптың үйретері көп. Соны тауып алыңыз да, оқып көріңіз. Өмірде қолдануға болатын кеңестері көп болғандықтан, оны бір оқып тастай салмаған жөн. Бір өзгеріс енгізіп, кітапты қайта оқыңыз. Оның сыртында басқа кітаптар оқымай тұра тұрыңыз. Бір кітапты әбден сығып, керегін барынша пайдаланған дұрыс.

 

Жаттығу

Көлемі алты беттей болатын кез келген мәтінді алыңыз.

Мақсаты: көру аясын кеңейту

Қажетті зат: таймер

  1. Таймерді 2 минутқа қойып, алынған мәтінді оқыңыз. Тоқтаған жерді қарындашпен белгілеңіз.
  2. Таймерді 2 минутқа қойып, сол бөлікті қайтадан оқыңыз, бірақ бұл жолы белгілеген жеріңізден асуға тырысыңыз. Асыра алсаңыз, сол жерді «1» деп белгілеп қойыңыз.
  3. Сол бөлікті 2 минутта оқып, 1-белгіден асыруға тырысыңыз. Асырған жерге «2» деп жазыңыз.
  4. Сол бөлікті 2 минутта оқып, 2-белгіден асыруға тырысыңыз. Асырған жерге «3» деп жазыңыз.
  5. 3-белгіден ары қарай мәтінді 2 минут өте жылам оқыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 70 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: