Оқы, оқы және оқы
06/02/2023, 20:44

БІР ЖЫЛДА 100 КІТАП ОҚУ ҮЛГІСІ

Біздің заманымызда адамды еліктіріп, назарын әр нәрсеге бұратын заттар көп. Телефон, ғаламтор, теледидар, жаңалықтар... Бірақ кейбір адамдар тәжірибе арқылы кез-келген жаңа нәрседен пайда алуды үйренеді. Біз өзіміз жаңа велосипед ойлап табамыз деп басымызды қатырғанша, өзгелердің дайын өнімін тұтынғанымыз тиімді болмақ. Ақылды адам өзі қателік жасамас бұрын, сол қателікті жасаған адамнан сабақ алады. Сонымен, бір жылда жүз кітапты оқудың керемет үлгісі қандай?

Әр жақтан келетін кітаптар

Оқу керек

Оқып жатырмын

Оқылды

Классика

Әдебиет

Тарих

Мәдениет

 

20 кітап + 5

 

 

 

Тіл үйрену

Грамматика

IELTS

 

20 кітап + 5

 

 

 

Тұлғалық даму

Психология

Мотивация

 

20 кітап + 5

 

 

 

Маркетинг

Сату

Бизнес

 

20 кітап + 5

 

 

 

Суретке мұқият қарап алыңыз. Бұл жерде бес баған бар. Әр бағанның атқаратын қызметі бар. Бірінші баған «Әр жақтан келетін кітаптар» деп аталады. Бұған сіз оқығыңыз келетін кітаптарды толтырасыз. Нені оқығыңыз келеді? Досыңыз «Абай жолын» оқы деді, танысыңыз Имам Ғазалидің «Жүрек сырларын» мақтады, сыныптасыңыз «Екінші болма» кітабын оқуға кеңес берді, жұмыстағы әріптесіңіз «Заразительный» кітабын мықты деді, Билл Гейтс «Когда дыхание растворяется в воздухе» деген кітапты ұнатыпты, Данияр Жігітбектің «Лайфхактар» кітабы көпшіліктің көңілінен шығыпты, т.б. пікірлерден сізде кітаптар тізімі пайда болады. Цукерберг оқуға ұсынатын 10 кітап, Нью-Йорк Таймс газетінің белтселлер тізіміне енген 20 кітап деген секілді тізімдерден өзіңізге аларыңыз тағы бар. Осылай кітаптар саны 100-ге, кейде 200-ге жетіп жығылады.

Енді сізді толғандыратын бірнеше сала бар. Сол салада өзіңіздің біліміңізді арттырғаныңыз келеді. Жоғарыда мысал бойынша сізді төрт сала толғандырары делік. Жиналған кітаптарды осы төрт сала бойынша сұрыптайсыз. Бірінші сала «Әдебиет. Тарих. Мәдениет»: мұнда қазақ әдебиеті, әлем әдебиеті, жаңа заман әдебиеті, әлем тарихы, Қазақстан тарихы, Оңтүстік Американың жергілікті халықтарының мәдениеті сияқты тақырыптарда кітаптарыңыз жинақталады.

«Тіл үйрену. Грамматика. IELTS» саласы бойынша ағылшын тілінен кітаптар жинайсыз. Эссе жазу, грамматиканы үйрену, сауатты сөйлей білу, сертификат алуға қатысты түрлі кітаптар болады.

Әр салада 20-40 шақты кітап жинақталуы мүмкін. Соларды іріктеп, оқуға деп жиырма кітап жинайсыз. Жыл барысында жаңадан пайдалы кітаптар шығады. Оларды оқымаса болмайды деген сезімде жүресіз. Солардан тағы бес кітап қосып аласыз. Осылайша сізде төрт салады жиырма бес кітаптан жалпы саны жүз кітап шығады. Яғни жаңа жыл алдында келер жылға жоспар жасағанда сексен кітапты нақты белгілеп аласыз. Қалған жиырма кітап жыл ішінде қосылады.

Сонымен, бірінші бағаннан («Әр жақтан келетін кітаптар») екінші бағанға («Оқу керек») 80 кітапты алдын ала, 20 кітапты жыл ішінде қойып алдық. Екінші бағанда әр салада жиырма бес кітап қана болғаны абзал. Егер оған тағы бір кітап қосқыңыз келсе, онда бір кітапты алып тастауыңыз керек. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 77 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: