30/01/2023, 22:42 | |
КӨЗДІ ХАРАМНАН САҚТАУ Адам миындағы жүйке талшықтарындағы байланыстар көптеген ақпаратты сыйдыра алатын қабілетке ие. Есте сақтау жадын өз орнымен әрі дұрыс қолдануды білетіндер көрген және оқыған нәрселерін қысқа уақытта үйреніп, арада көп уақыт өтсе де сол үйренгендерін ұмытпайды. Есте сақтаудың шыңына шыққан тұлғалардың құпиясын тек білім беру жүйесімен түсіндіре алмайсыз. Өйткені ғалымдар зейінге өте қатты мән берген. Алдымен жейтін асының адал болуына мән берсе, сосын тағам құрамындағы қанттың тепе-теңдігін сақтаған. Сонымен қатар, қышқыл тамаққа үйір болмай, таңғы асты ешқашан тастамаған. Тойып тамақ ішпегені өз алдына, нормадан тыс ұйқыны ұнатпаған. Күннің шығатын және бататын сәтіне сәйкес келетін беймезгіл уақытта ұйықтамаған. Ең бастысы: ұятсыз нәрсеге қараудан өздерін тыйған. Өйткені жаттаған нәрсені тез ұмытуға ең көп себеп сол. Жадыны толтырып тастайтын зияндар қатарына теледидар қарау, пайдасыз шоу көру, зарары көп бағдарламалар тамашалау, арзан күлкіге құрылған бейнетүсірілімдер көру, ғаламтор желісінде мақсатсыз отыру, компьютерлік ойындарды шектен тыс көп ойнау, шымшытырық хабарлар, саяси тартыстар, сенсация тудыру үшін өнер және спорт адамдарының өмірінен сұхбаттар және өсек оқу кіреді. Ал ұятсыз бейнеге қарау ұмытшақтыққа апарады. Себебі мұндай кезде жүрек те қараяды, зейін де қараяды. Оны бір вирус десек қателеспейміз, себебі ол мидың байланыстарын тұмшалап, бұзып тастайды. Компьютердегі файлдар жүйесі секілді мидағы ақпараттардың тізбегі бұзылады. Есіңе бірдеңе түсірейін десең, жүйке жолдары тұманнан көрінбейді. Ақпараттар өшіп кетпейтіні анық, тек оған қол жеткізу қиынға соғады. Ұлы ғалым Шафиғи ұстазына есте сақтау қабілетінің нашарлағанын айтып шағымданыпты. Сонда ұстазы оған: «Ілім – иләһи нұр. Хақ Тағала күнәһар пендесін ілім нұрына бөлемейді» деген екен. Ғалымның сондағы шағымы мынау: ол алғашқы ретте емес, екі не үшінші рет оқығанда барып жаттағанына қарап, есте сақтау қабілетім нашарлады деп уайымдаған. Біздің заманда үш рет оқып жаттап алатын адам жоқтың қасы. Бір шумақ өлеңді кемінде жиырма рет қайталайтынымыз өтірік емес. Ұятсыз суретке қарау бір жағынан зейіннің шашыраңқылығын тудырып, бір ақпарата барлық назарын аударуды қиындатады. Ойды жинақы ұстауға кедергі келтіреді. Ал тарихқа қарасақ, бір естігенін ешқашан ұмытпаған кісілер болған, мысалы, Әбу Һурайра. Ғалым Ахмад ибн Ханбал бір миллион хадисті жатқа білген екен. Сондықтан қасықтап жиған білімді шелектеп төкпеу үшін көзді харамнан тыйып ұстау қажет.
Жылдам оқыған тұлға Франклин Рузвельт Франклин Рузвельт ел басқарған тұлғалардың ішіндегі ең кітапқұмары десек қателеспейміз. Ол бір қарағанда тұтас абзацты көре алатын қабілетке ие болған. Соның арқасында бір кітапты бір отырғанда-ақ тауысады екен. Әрине, ол бұл деңгейге бірден жеткен жоқ. Алғашында ол бір қарағанда 4 сөзді көре алатын, кейін бірте-бірте алты, арықарай 8 сөзге жеткізген. Сосын екі жолды бірден көруге машықтанады, арықарай зигзаг жасай отырып, көлемі кішілеу абзацтарды көріп үйренеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 78 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |