23/01/2023, 20:25 | |
ИНТЕЛЛЕКТ-КАРТА ЖАСАУДЫҢ ҚАДАМДАРЫ Есте сақтауға көмектесетін ең жақсы құралдың бірі – интеллект-карта болып табылады. Ол оңай боп көрінгенмен, негізі оңай нәрсе емес. оны дұрыс құрастыра алсаңыз ғана уәде етілген пайдасын көре аласыз. Ал оны дұрыс құрастырудың шарттары бар. Бұл жайында кітап та жазылған, авторы Тони Бьюзен. Қажетті нәрселер: 1. Проблема. 2. Қағаз не плакат. 3. Фломастер.
5-қадам. Идеяны сурет арқылы көрсетіңіз Бәріміз суретші емеспіз, алайда идеяны бейне арқылы көрсетуге қабілетіміз жетеді. Бейнелеу арқылы идеяны жақсырақ түсінеміз әрі есте жақсы сақтаймыз. Символдар, суреттер, логотиптер, коллаж, сызба, шимайлар тақырыпты ашып тұрса, ойланбай қоса беріңіз. Түрлі түсті суреттер ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді. Егер адамдарға 10000 сурет көрсетсеңіз, ол соның 9800 суретін еш қиналмай есте сақтай алады. Өйткені адам миы көру арқылы суретті есте мықты сақтайды. Егер сіз осындай интеллект-картаның жүзіне жасасаңыз, жүзі де есіңізде тұрады. Өйткені әрқайсысы қайталанбас туынды. Интеллект-картаның суреттері айқын болса, әдемі көрінеді. Анық сурет анық ақпарат береді. Тұманда онша көрмейтініңіз сияқты, күн ашық кезде алыстағы таудың шыңдарын да анық көре аласыз. Ақпаратты қабылдау жылдамдығы артады.
6-қадам. Бір сөзбен тобықтай түйін бере біліңіз Идеяны түсіндірем деп, ақ парақты мың сөзбен шимайлаудың қажеті жоқ. Әр бұтаққа бір-екі сөз жазсаңыз жеткілікті. Қысқа сөзбен түсіндіру өтімді келеді. Бірнеше тіркестен гөрі бір сөзді жатау оңай. Қандай сөз идеяны ашады деп ойланған сайын миыңыз да жылдам жұмыс істей бастайды. Миыңыздың сирек қолданылатын оң жақ бөлігін іске қосыңыз. Бұтақтың ұзындығы сөздің ұзындығымен бірдей болу қажет. Сонда бұтақтан тарайтын сабаққа жазылатын сөзбен арасы жақын болады, яғни тізбек әдемі көрінеді. Сонымен қатар, бір-бірімен байланысатын көп сабақ шығара аласыз. Интеллект-картаның маңызды элементтерін ерекшелеу үшін, оңай есте сақтау үшін кілт сөзді ҮЛКЕН әріппен жазыңыз. Баспаша әрпімен жазсаңыз, әдемі, анық көрінеді. Сабақтардың сөздерін ұсақ әріппен жаза беріңіз.
7-қадам. Проблеманы бүкіл сезім мүшелермен сипаттаңыз Бес сезім мүшесі: көру, есту, иіскеу, дәм сезу, сезу. Осыны идеяларды тарқатқанда қолданып көріңіз. Сонымен қатар, әр проблеманы ашатын түсті қолдана біліңіз. Дұрыс таңдалған түстер жиынтығы интеллект-картаны біртұтас етіп көрсетеді. Алайда барлық түсті қолданып, кемпірқосақ жасаудың да керегі жоқ.
8-қадам. Өзара байланысатындарды белгілеңіз Кейбір бұтақтардың арасында бірін-бірі толықтыратын ақпараттар болады. Соларды бірінен екіншісіне байланыстыратын сызықпен белгілеу қажет.
9-қадам. Бос кеңістік Бұтақтар арасындағы бос кеңістік арқылы әр бұтақтың өзінше бір әлем екенін ұғасыз. Миға қабылдау жеңіл болады. Әйтпесе бір-біріне жақын орналасып, араласып кеткендей болса, шимай секілді көрініп, қабылдау да қиынға соғады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 77 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |