16/01/2023, 20:27 | |
ИНТЕЛЛЕКТ-КАРТА ЖАСАУДЫҢ ҚАДАМДАРЫ Есте сақтауға көмектесетін ең жақсы құралдың бірі – интеллект-карта болып табылады. Ол оңай боп көрінгенмен, негізі оңай нәрсе емес. оны дұрыс құрастыра алсаңыз ғана уәде етілген пайдасын көре аласыз. Ал оны дұрыс құрастырудың шарттары бар. Бұл жайында кітап та жазылған, авторы Тони бьюзен. Қажетті нәрселер: 1. Проблема. 2. Қағаз не плакат. 3. Фломастер.
1-қадам. Дайындық Интеллект-картаны еркін салу үшін үлкен таза ақ қағаз қажет. Парақты көлденең (горизонталды) қойған ыңғайлы болады, өйткені көзімізге тігінен (вертикалды) қарағаннан көлденең (горизонталды) түрде қараған жақсырақ. Парақты жерге қойып, отырып сызған тіпті жақсы. Сонда бала секілді еркін ойлана аласыз әрі шығармашылық қабілетіңіз оянады.
2-қадам. Орталық бейнені жасаңыз Сіз өзіңізді толғандырған проблеманы шешу үшін интеллект-карта жасап отырсыз. Қағаздың ортасына проблеманы айқын бейнелейтін суретті салу қажет. Барынша түрлі түсті фломастер қолдану керек. Егер тек сурет жеткіліксіз болса, онда кілт сөз жазыңыз. Тақырыпты анық білген сайын оны тарқату да оңай.
3-қадам. Негізгі идеяларды анықтаңыз Бұл идеялар интеллект-картаның негізгі бұтақтары немесе тармақтары болады. Олар нақты болса, тармақ та жақсы ашылады. Негізгі бұтақтарды анықтау үшін дұрыс сұрақтар қою қажет. - Қандай ақпарат қажет? - Проблеманы жеті бұтақпен сипаттай аламыз ба? - Егер мұны кітап десек, ол қандай бөлімдерден тұрар еді? - Қандай сұрақтардың басын ашып алу керек? (Не? Қайда? Қашан? Кім? Қалай? Қандай?) - Бұтақтардан қандай сабақтар алуға болады? Басыңызға келген он идеяны жазып көріңіз. Сосын ұқсастарын біріктіріп, сұрыптаңыз.
4-қадам. Бұтақтарды сызыңыз. Негізгі суреттен шығатын бұтақтар ағаштың діңінен тарайтын бұтақ секілді ірі болу қажет. Сол арқылы оның маңызды екенін көрсете аламыз. Әр бұтаққа идеяны жазып қойыңыз. Осы бұтақтардан тарайтын сабақтарда идеяны ашатын, толықтыратын ақпараттар жазылады. Бұтақтар өмірдегідей қисық болғаны абзал. Сонда ми да оны оңай жаттайды. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 82 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |