Оқы, оқы және оқы
09/01/2023, 09:21

ОҚЫҒАНЫҢДЫ ЕСТЕ САҚТАУ ЖОЛДАРЫ

Қорытынды жасау

Егін еккен шаруа жаз бойы мехнатпен суғарады, арам шөбін жұлады, жан-жануардан қорғайды. Ал күз келгенде дайын өнімді баппен жинайды. Құрғақ қамбаға салады. Бүлінуден сақтайды. Ал егер өнімді жинамаса, не болар еді?\сол секілді кітап оқығанда әр бөлімнен кейін қорытынды жасау, яғни өнімді жинап отыру қажет. Онсыз оқығанымыз пайдаға аспай қалады. Конспект жасап отыру өз алдына бөлек. Бірақ мұндағы айтпағымыз басқаша. Бір тақырыпты бітірген соң 2-3 минут ішінде оқығандарымызды ойша жүйелеу керек. Тақырып не туралы? Не жайлы айтылды? Нені білу керек? 3-4 сөйлеммен қорытынды жасаңыз.

Адам оқыған нәрсесінің 20 минуттан кейін 20%-ын ұмытады. Қорытынды жасау арқылы санада негізгі мағлұматтар ұзақ сақталады. Бұлай жасаған өте пайдалы. Егер мүмкіндік болса, өз сөзіңмен жазып шығу қажет. Күрделі мәселелерді түсінгеніңізге көз жеткізу үшін 10 жастағы балаға түсіндіріп көріңіз. Бүлдіршінге соның тілімен түсіндіруден басқа шара жоқ. Оған түсіндіре алсаңыз, онда өзіңіздің де дұрыс түсінгеніңіз.

 

Жылдам оқыған тұлға

Ванда Норт

Қазір бұл әйел әлемде жылдам оқудан үшінші орында. Ол негізі өзгелер секілді минутына 200 сөзден оқитын. Жылдам оқудың тәсілдерімен ең алғаш танысқанда өзін-өзі тексеріп көреді: 400 сөз! Нәтижесіне таңғалып, енді жылдамдықты арттыруға шындап кіріседі. Ең қысқа уақытта жақсы көрсеткіш – минутына 3000 сөз оқитын деңгейге жетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 82 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: