Оқы, оқы және оқы
03/01/2023, 18:58

ОҚЫҒАНЫҢДЫ ЕСТЕ САҚТАУ ЖОЛДАРЫ

Байлыққа апарар құпия хат

Қолыңызға «Абай жолын» алдыңыз. Оқып отырып, Абайдың медреседен қайтқан жеріне кедіңіз де, мінген аты туралы ойланып кеттіңіз. Бір кезде қарасаңыз, Абай елге келіп, әкесіне сәлем беріп қойыпты. Ал одан сіздің хабарыңыз жоқ. Бұл қалай? Сол жерді, негізі, оқыдыңыз. Оқыған нәрсеңіз қалай ғана есіңізде қалмады?

Сол Абай қарасөзінде ой кеселдері туралы айтып өтеді. «Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер». Сізге де оқыған нәрсені есте сақтауға кедергі келтірген салғырттық болатын. одан қалай арылуға болады? Оқыған нәрсені қалай жақсы түсініп алуға болады? Оның құпия сыры бар ма?

Әрине, бар. Қазір сізбен оны бөліспекпіз. Оның аты «Байлыққа апарар құпия хат» деп аталады. Елестетіп көріңізші, сізге Билл Гейтстен хат келді. Бұдан бір апта бұрын ол интернет желісіне «Байлығымның бір бөлігін кездейсоқ бір адамға беремін. Оған апаратын хат жіберемін» деп әлемді шулатқан делік. Сол хат сіздің қолыңызға түсті. Иә, дұрыс айтасыз, қолыңыз дірілдейді. Абайлап, желімделген жерін ашасыз. Бір бет мәтін тұр. Ал енді оқып көріңіз. Қалай оқимын деп ойлайсыз? Әрине, әрбір сөзін мұқият оқисыз. Әрбір мағынасына бйолайсыз. Мұқият әрі тезірек оқуға тырысасыз. Қашан байлықтың мекен-жайын айтар екен деп соған жеткенше тыпыршисыз. Бірде-бір сөзді далаға жібермейсіз. Әйтпесе бір жерде байқамай қалдырып кетсеңіз немесе түсінбей қалсаңыз, байлыққа апаратын жолда адасып қалуыңыз мүмкін.

Хатты осылай оқыған кезде назарыңыз басқа жаққа ауып кетуі мүмкін бе? Ойыңыз басқа нәрсеге бөлінуі мүмкін бе? жоқ. Мұндай кезде сіздің көзіңізден ештеңе таса қалмайды. Мекен-жай, адам аты, жер атауы түгел санаңызда жаңғырып тұрады. Хатты бұлай оқу процесін «назарды толық шоғырландыру» десек қателеспейміз.

Кітапты оқыған кезде де назарды осылай шоғырландыра білсеңіз, сонда 80% ақпарат есіңізде тұрады. Бір нәрсеге мұқияттылық таныта алмасаңыз, маңызды дүниені жоғалтып алатындай сезіммен оқу керек.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 76 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: