Оқы, оқы және оқы
26/12/2022, 22:00

КҮН САЙЫН ЖАТТЫҒУ ЖАСАҢЫЗ

Жылдам оқу техникалары әртүрлі. Барлығының пайдасы бар. Бұған дейін белгілі болған жаттығуларды үзбей жасап, күніне кемінде 60 минут уақыт бөлу керек. Жаттығу залына үзбей барып жаттыққан адамның бұлшық еттері қалай ойнап шыға келгенін көрген боласыз. Шынтақ пен иық бұлшық еттері бұлтиып, денесі де сымбаттана түседі. Сол секілді көз бен ми жылдам оқуға бейімделеді.

Жылдам оқуға кедергі болатын нәрселерді жойып, оқу тәсілдерін жиі-жиі қолданған сайын оқу жылдамдығыңыз арта түседі. Бұл қуаныш сыйлайды. Бұл тәсілді бұған дейін қалай білмегем деп өзіңізге ренжіп алсаңыз да орынды. Бір деңгейге жеткен соң еш өзгермей сол деңгейде тұрып қалғандай сезімде боласыз. Жаттығу залында да денедегі бұлшық ет өзіндегі барды көрсетіп, сонымен тоқтайды. Жаңа бұлшық ет қалыптастыру үшін ауыр салмақтағы жаттығу жасау керек. Дәл солай жылдам оқуды ары қарай жетілдіру үшін жаттығу деңгейін көбейту керек. Мысалы, 300 бетті бір отырғанда оқып тастау. Күніне бір емес екі сағат уақыт бөлу.

Біздің бір жаман әдетіміз – тұқым егеміз де дереу жеміс беруін қалаймыз. Яғни нәтиженің бірден көрінуін күтіп, асығамыз. Бірақ жұмыртқадан балапан шығуы үшін де 21 күн керек. Егер жылдам оқу сіз ойлағандай нәтиже бермесе, көңіліңізден шықпаса, тастай салудан аулақ болыңыз. Жаттығуды жалғастыра беріңіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 75 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: