Оқы, оқы және оқы
21/12/2022, 18:57

БАРЛЫҚ СӨЗ МАҒЫНАҒА ИЕ ЕМЕС

Мәтінде сөз көп болғанымен, негізгі мағынаны беретін сөздер аз болады. Айталық, «Басқаша айтқанда, Асанның бұл жолы бағы жанбады десек қателеспейміз» деген сөйлемде негізгі мағына – «Асанның бағы жанбады». Кітаптың негізгі мәтінін сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын көмекші сөздерден құрайды. Ал олар жеке өзі тұрғанда мағына бермейді. Егер бір материалда 100000 сөз болса, соның ішінде 150 шақты сөз жиі қайталанады. Ал оның ішінде 50 шақты сөз негізгі мағынаның жүгін көтеріп тұрады. Қалған 100 сөз сөйлемнің құрылысына көмекші, демеуші болып қатысады. Сондықтан да бір қарағанда бірнеше сөзді қатар оқудың пайдасы зор әрі тиімді: себебі көптеген сөздердің айтарлықтай мағынасы жоқ әрі жиі қайталанып келеді.

 

Сұрақ: Жылдам оқу тәсілін көркем әдебиет, детектив шығармалар, өлең оқығанда қолдануға бола ма?

- Жылдам оқитын жерін жылдам оқыңыз, асықпай оқитын жерін асықпай оқыңыз. Мысалы, оқиғалар тез жүзеге асыпр жатса, шиеленіскен оқиғалар тізбегін жылдам оқуға болады. Себебі «енді не болады екен?» деп миыңыз жылдам оқи бастайды.

 

Жылдам оқитын тұлға

Евгения Алексеенко

Бұл қыз ғалымдарды жоғарыдағы кісілерден де ерекше таңғалдырған. Оның жылдам оқығаны соншалықты – кітап оқып жатқанда беттерін ашып үлгермейді екен. Басқаша айтқанда, оның жылдам оқуына беттерді парақтау ғана кедергі жасаған. Егер беттерді парақтау процесі болмағанда, онда оның жылдамдығы минутына 416250 сөз болатын еді.

Ғалымдар Киевтегі Миды зерттеу орталығында Евгениямен арнайы тәжірибелер жасап, тест алады. Евгения мүлдем оқымаған әдебиеттерден, сирек кездесетін кітаптардан материал құрастырады. Сонымен қатар, неміс тілінен орыс тіліне аударма жасаған су жаңа мәтінді де қосады. Ғалымдар өздері материалды бірнеше қайтара оқып, не туралы екеніне әбден көздерін жеткізеді. Бұл уақытта зерттеу орталғында ешқандай материалға қолы жетпейтін кеңседе отырған Евгенияға 2 беттен тұратын мәтін тапсырылады.

Ғалымдардың көздерін шарасынан шығара жаздаған Евгения бір секундтің бестен бір бөлігінде, яғни қас-қағым сәтте 1390 сөз оқыған. Оқып қана қоймай, материалды толық түсінген. Бұған алынған мәтіннен сүрінбей өткендігі дәлел.

Евгенияның бұл қабілетін 15 жасында әкесі байқапты. Оқи ғой деп қызына газет ұсынғанда, қызы 1-2 минуттан соң қайтарған. Әкесі сенбей әртүрлі мақаладан сұрақ қойып, қызының шынымен де бәрін оқығанына көзі жетеді.

Евгенияның өзі: «Басымда не бар екенін білмеймін, бірақ кітап оқығанда мәтіннен гөрі мағынасы дап-дайын күйде шыға келеді. Оны сөзбен жеткізе алмаймын, миымда жылдам бір талдау жүзеге асып жатады» деп айтқан.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 76 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: