Оқы, оқы және оқы
12/12/2022, 21:23

ФОТОЖАДЫ

Бұл дегеніңіз – кітапты суретке түсірумен бірдей. Бұл деңгейге жеткендер өте сирек болса да, бар. Вертикальді оқу тәсілін әбден меңгерген соң, көздің көру аймағын үлкейтуге күш салу керек. Бір қарағанда бір жолды емес, екіден, үштен, төрт жолдан көруге дағдылану қажет. Белгілі уақыт жұмыс жасағаннан кейін бір қарағанда бір бетті көре алатын қабілетті меңгересіз. Міне, мұны фотожады деп атайды. Былайша айтқанда, бейне бір фотоаппаратпен суретке түсіріп алғандай боласыз.

Бұл – жылдам оқудың соңғы әрі ең қиын тәсілі болып табылады. Егер бұл деңгейге жетсеңіз, онда қуаныштымыз. Алайда оның шарты да бар. Құранды жатқа білетін хафиздар күн сайын белгілі бір бөлікті қайталап отыру арқылы жаттағанын санадан өшірмейтін болса, фотожады тәсілін де әрдайым қолдану үшін жаттығуды тұрақты жасап отыру керек.

Егер кітапты ұл тәсілмен оқуды бірнеше айға доғарсаңыз, көздің көру аймағы кішірейіп, бұрынғы қабілетті жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Төменде берілген жаттығуды орындаңыз. Мәтіннің ортасындағы қалың әріппен берілген сөзге қарап тұрып, барлық мәтінді көруге тырысыңыз.

Қызылордада жасөспірім ұлдар

мен қыздар арасында велокросс

жарысы өткізілді. Алғашқы

мәрте ұйымдастырылған жарысқа

жасөспірімдер қатысып, үздіктер

анықталды. Жарыс барысында

ұлдар 15, қыздар 10 мәрте айналым

өтіп, бақ сынасты. Жеңімпаздар мен

жүлдегерлер грамота және естелік

сыйлықтармен марапатталды.

 

Ата-әжесінің ерке қызы Жұлдыз

мектепті беске бітірді. Мектептен

соң арман қуып, Алматы қаласына

келді. Колледж, университетте білім

алып, қызыл дипломмен тәмамдады.

Үнемі үйренсем, білсем, білімімді

одан әрі жетілдірсем деп алға

ұмтылатын ару магистратуралық

білімді жалғастырды. Ай артынан

жыл келіп, уақыт жылжи берді.

Қуанышты сәттер, жетістікке толы

Бақытты күндердің бірінде Германия

Елін көруді де нәсіп етті.

 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 100 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: