05/12/2022, 20:49 | |
ДИАГОНАЛЬДІ ОҚУ Бұған дейінгі жаттығуларды жоғары деңгейде орындап келсеңіз, енді сізді мидың жаңа мүмкіндіктерін ашу кезеңі күтіп тұр. Диагональді оқу – жылдам оқудың мықты тәсілдерінің бірі. Бұл тәсілді сауатты орындау үшін біз тіркеспен оқу және метрономмен оқуды өте жақсы көрсеткішпен аяқтауымыз керек. Онсыз бұл тәсілді меңгере алмаймыз.
Орындау тәсілі Жылдам оқуға қолданып жүрген кітапты алыңыз. Алғашқы жолға екі рет тоқтайсыз, яғни тұтас жолды екі тіркес етіп көресіз. Көздің көру аймағы сізде әлдеқайда жақсарды, сондықтан қабілетіңіз жетеді. Келесі жолды бір-ақ рет көресіз. Үшінші жолды екі рет, төртінші жолды бір рет, бесінші жолды екі рет, алтыншы жолды бір рет көресіз. Осылай жалғастыра бересіз. Бастапқыда мәтінді толық түсінбейсіз, қорықпаңыз. Диагональді оқуды жалғастыра беріңіз. Неғұрлым жаттығуды көп жасаған сайын, соғұрлым түсіну деңгейі артады.
ВЕРТИКАЛЬДІ ОҚУ Бұл әдіс кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Жаттығуларды тұрақты жасап, өзін әрдайым жетілдіріп, көзінің көру шекарасын кеңейткен адамдарға бұл тәсілді меңгеріп алуға әбден болады. Диагональді оқу жаттығуын сәтті орындасаңыз, онда сіздің көзіңіз бір жолға бір-ақ рет тоқтайды. Демек, вертикальді оқу тәсіліне дайынсыз. Бұл тәсілде кітапты ашып, әр жолға бір рет қана назар аударасыз. Яғни кітаптың бір бетінде 34 жол болса, онда 34 рет көзіңіз секіріп, кідіріс жасайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 126 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |