28/11/2022, 10:24 | |
МЕТРОНОМ ӘДІСІ Бұл әдіспен сіз оқу жылдамдығын бірнеше есе арттырасыз. Дайын болыңыз! Метрономның не екенін білесіз деген ойдамыз. Көпшілігіміздің үйімізде сондай сағат болатын және оңға-солға тербелетін метроном тық-тық етіп тұратын. Екі дыбыстың арасындағы қашықтықты ұзартуға не қысқартуға болады. Метрономның дыбысы арқылы кітап оқу кезінде жаңылмауға болады. Сіз тіркеспен оқып үйрендіңіз. 6-12 сөзден тұратын бір жолға 3 рет тоқтайсыз. Ұялы телефонға метроном бағдарламасын жүктеп алып, қосыңыз. Қолыңызға кітап алып дайындалыңыз. Метрономның дыбысы шыққанда алғашқы тіркеске қараңыз. Екінші дыбыс шыққанда, келесі тіркеске өтіңіз. Келесі дыбыс шыққанда, келесі тіркеске өтіңіз. Келесі дыбыс шыққанда арғы тіркесті оқыңыз. Осылай жалғастыра бересіз. Бір жолда 3 рет тоқтап оқу жеңіл болса, онда 2 рет тоқтап оқыңыз. Бұған дейін көзіңіз 2-4 сөзді бірден көре алған болса, енді 5-6 сөзді бірден көре алатын қабілетке ие. Күн сайын тұрақты жаттыға келе, 1 жолға бір рет қана тоқтайтын деңгейге жетуге болады. Яғни бір рет қарағанда бір жолды толық көре аласыз. Әр адам әртүрлі оқиды. Кейбіреулер бірде 3 рет тоқтап, кейде 2 рет тоқтап оқиды. Ол кітаптың қиындығына, материалдың күрделілігіне байланысты. Өзіңіз кітаптың құрылымына қарай ыңғайлысын таңдаңыз. Барлық адамда бірден тіркеспен оқып кету оңай бола бермейді. Егер мәтінді тіркеске бөлу әлі қиындық тудырса, асықпаңыз. Бәрі бірден бола салмайды. Бірте-бірте көзіңіз үйрене бастайды. Жаттығу Мақсат: метрономмен оқып үйрену. Қажетті заттар: ұялы телефонға орнатылған метроном бағдарламасы, кемінде үш беттен тұратын өз ыңғайыңызға қарай мәтін. Метроном соққан сайын келесі тіркеске ауысуды ұмытпаңыз.
МЕТРОНОММЕН ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АРТТЫРУ Метрономмен оқып үйрендіңіз. Енді біз жаңа тәсілге көшеміз. Метрономның жылдамдығын минутына 70/90/110/130/110/90 соғуға өзгертіп қоямыз. Бірінші минутта метроном 70 рет соғады. Келесі минутта 90, сосын 110, сосын 130 рет. Содан кейін 110 рет, соңғы минутта 90 рет соғады. Байқағанымыздай, соңғы нәтижені минутына 90 соққымен аяқтаймыз. Бұл жаттығуды жасағанда 70 деген өлшем өте баяу секілді көрініп қалады. Сондықтан 90-мен аяқтау керек. Бұл жаттығуды үзбей жасай беру керек. Мәтіннің мағынасын толық ұқпай жатсаңыз, ештеңе етпейді. Жаттыға келе мәтінді түсінетін деңгейге жетесіз. Әрине, бұған дейінгі кеңестерді естен шығармаңыз. Материалды жылдам оқымас бұрын оны шолып шығу маңызды. Өзіңіз не мақсатпен оқымақ болып жатқаныңызға мән беріңіз. Жаттығу Мақсат: метрономмен жылдамдықты арттыру. Қажетті заттар: ұялы телефондағы метроном бағдарламасы, кемінде алты беттен тұратын өз ыңғайыңызға қарай мәтін. Метрономның жылдамдығын минутына 70/90/110/130/110/90 соғуға түзеп қоямыз. Метрономның дауыс жылдамдығына ілесіп үлгеру керек. Түсінбей жатсаңыз, ештеңе етпейді
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 275 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |