21/11/2022, 22:10 | |
КӨЗДІҢ ҚАБЫЛДАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ЖАТТЫҒУ Жаттығу Бұл жаттығудың мақсаты – көді бір қарағанда бірнеше сөзді оқуға үйрету және сөз арасындағы кідірісті барынша азайту. Жаттығуды жасағанда көзіңіздің көру шеберлігіне көзіңіз жетеді, өзіңізге сенімділік артады, жылдам оқуға мотивация пайда болады. Жаттығуды орындау ережесі: төменде сандар және оның жанында бос орындар берілген. Қолыңызға қағаз алып, сандарды жауып тұрыңыз. Сосын лезде қағазды ашып, қайта жауып қалыңыз. Ашу мен жабудың арасы бір секундтан өте аз болу керек. Жапқан соң қандай сан екенін бос орынға жазыңыз. Дұрыс-бұрыстығын тексеріп, келесі санға көшіңіз. Сандар екі таңбадан алты таңбалы санға дейін күрделенеді. Егер жаттығуды соңына дейін аз ғана қатемен орындап шықсаңыз, жарадыңыз! Алты таңбалы санды бір қарағаннан-ақ көре алсаңыз, онда сөздерді тіркеспен оқи аласыз. Егер оңқай болсаңыз, сол қолмен цифрды жабасыз. Оң қолмен нәтижені цифрдың оң жағына жазасыз. Егер солақай болсаңыз, оң қолмен цифрды жабасыз. Сол қолмен нәтижені цифрдың сол жағына жазасыз.
.........82......... .........87......... .........12......... .........32......... .........68......... .........18......... (осылай кез келген екі таңбалы отыз бір сан тізу керек) .........260......... .........264......... .........750......... .........959......... .........894......... .........989......... (осылай кез келген үш таңбалы отыз бір сан тізу керек) .........4814......... .........5661......... .........7117......... .........5032......... .........1385......... .........8165......... (осылай кез келген төрт таңбалы отыз бір сан тізу керек) .........59214......... .........88006......... .........12685......... .........85200......... .........72136......... .........17592......... (осылай кез келген бес таңбалы отыз бір сан тізу керек) .........429928......... .........163372......... .........425784......... .........164324......... .........131704......... .........173043......... (осылай кез келген алты таңбалы отыз бір сан тізу керек) .........7797755......... .........9002360......... .........6505291......... .........2234715......... .........4510732......... .........7991284......... (осылай кез келген жеті таңбалы отыз бір сан тізу керек) * * * Жылдам оқыған тұлғалар Антонио де Марко Мальябекки Леонардо да Винчидің отаны – флоренцияда 1663 жылы туылған Антонио, былайша айтқанда, Ньютон және Лейбництің замандасы. Кедей отбасынан шыққан жігіт өздігінен сауат ашып, жеміс сататын саудагердің қол астында жұмыс істейді. Жемістерді орайтын манускриптердегі жазулар мен иероглифтерді үйреніп, өзін жетілдіреді. Антонионың бұл әдетін байқаған кітап саудагері оны жұмысқа алады. Кітап сөресіндегі барлық кітаппен танысып, түгел жаттап алады. Осылайша оның атағы қалаға жайыла бастайды. Жас жігіттің танымалдығына күдікпен қараған бір әдебиетші оған әлі оқымаған жаңа манускрипт береді. Антонио бір қарайды да, қайтарып береді. Арада ұзақ уақыт өткенде әдебиетші әлгі жазбаны жоғалтып алғанын, қандай да бір бөлігі есіне түссе, айтып беруін өтінеді. Сонда Антонио түпнұсқадан көшіріп алған адамдай үтір-нүктесіне дейін қайталап айтып береді. Нәтижесінде, даңқы асқақтай түседі. Уақыт өте келе Мальябекки қаладағы барлық салаға қатысты кітаптарды басына «тоқып» алады. Енді түрлі саланың ғалымдары алуан түрлі сауалдар қойып, қажетті жауаптарын, яғни қай кітапта не деп жазылғаны туралы біліп алады. Жігіттің аты герцог Тосканскийдің құлағына жетіп, оны өзінің жеке кітапханашысы етіп жұмысқа алады. Бұл жерде де Антонио құр жатпай, жылдам оқуын жетілдіре түседі. Тез оқып қана қоймай, түгел жаттап алатын деңгейде болатын. біршама уақыттан соң бүкіл кітапты меңгеріп алады. Бақылаушылар Мальябеккидің кітапқа бір-ақ рет қарап, жаттап алатынына куә болған. Жасы келсе де ол бұл биігінен түспеген. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 103 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |