14/11/2022, 20:23 | |
ТІРКЕСПЕН ОҚУ Оқушы солдан оңға қарай кітап оқығанда көз бірсарынды қозғалмай, бір сөзден екінші сөзге секіретінін, сол арадағы кідіріс кезінде ақпаратты қабылдайтынын бұған дейін де айтқанбыз. Осы кідірістегі секунд неғұрлым аз болса, соғұрлым уақыттан ұтамыз. Бұндай кідіріске ширек секунд немесе бір жарым секунд уақыт кететінін ескерсек, онда уақытты қысқарту арқылы жылдам оқуға қол жеткізе аламыз. Мектеп бітірген кез келген оқырман кітап оқығанда сөзден сөзге секіріп оқиды. Алайда көпшілік осы режимді өзгертуге болатынын білмейді. Нашар оқитын оқырман екі есе көп кідіріс жасайды, сол арқылы мәтінді жақсырақ түсінеміз деп ойлайды. Иә, бізге ұстаздарымыз «асықпай және мұқият мән беріп» оқуды үйретті. Алайда жылдам оқу материалдың түсінуін қиындатпайды. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан зерттеулерге қарасақ, неғұрлым жылдам оқысаңыз, соғұрлым жақсы түсінесіз. Бұған өз көзіңізбен көріп тексермейінше, сену қиын. Ендеше сізге мынадай жаттығу ұсынайық: төмендегі сөйлемді бұрыннан қалыптасқан, яғни «асықпай әрі мұқият» оқып көріңіз. « Ал тай өңі ріне ал пыс жыл дан бері дәл осын дай қа лың қар жау ған ын көр ген жоқ пыз», - дес еді қа рия лар. Қиын ба екен? Әрине! Біздің миымыз бұлай баяу оқуды қабылдамайды. Егер осылай баяу оқитын болсаңыз, онда миды баяу қабылдауға бейімдеп тастайсыз. Асықпай оқыған сайын ми ұйқыға тартады. Ал енді келесі сөйлемді қалай топталып берілсе, солай оқыңыз: Расында да, бас көтертпей жауғаны соншама, есіктің алды, қораның маңындағы қарды тазалап үлгере алмайсың. Ауыл-үйдің арасына күреп жалғыз аяқ жол салудың өзі азабы мол жұмыс...(400 сөзді мәтін делік) Бұл қалай екен? Оп-оңай түсінгеніңізге сенімдіміз. Себебі сіздің миыңыз минутына 400 сөз оқыса, өзін жақсы сезінеді. Осылай топ-топ болып берілген сөздерді ми оңай қабылдайды. Көз туралы жазғанымызда көзіміз 1/500 (бір секундтің бес жүзден бір бөлігінде) секундта ақпаратты қабылдап үлгереді деген едік! Демек, сіз кідіріске 1 секунд жұмсап жүрсеңіз, енді оны 0,5-ке азайту түк те қиын емес. қиын емес, себебі сіздің көзіңіз 1 секундта бір миллиард (!) ақпарат бірлігінен тұратын суретті өңдеп қабылдай алатын қабілетке ие! Ғылыми дәлел! Қолыңызға кітап алып, мәтінге қарағанда бірден 2-3-4 сөзді біріктіріп, сөз тіркесі етіп оқыңыз. Мәтінге қарағанда оны ойша тіркестерге бөліп тастаңыз. Осылай жасау арқылы оқу жылдамдығын 3,5 есе арттырасыз. Қаласаңыз, қаламсап не саусағыңызды қолданыңыз. Бұған дейін 1 бетті 3-5 минутта оқып тастайсыз. Бұл жылдамдықтың басы ғана. Кітаптағы бір жол әдетте 8-12 сөзден тұрады. Демек, сіз бұған дейін 8-12 рет тоқтайтын едіңіз. Ал тіркеспен оқығанда сіз 2-3 сөзден топтап, бір жолда 2-3 рет қана тоқтайсыз. Егер көзіңіз әлі үйренбесе, ештеңе етпейді. Жаттығуды қайта-қайта жасау арқылы оны меңгеріп алатын күн алыс емес. Жаттығу Мақсаты: бір қарағанда бірнеше сөзді көруді үйрену. Кез келген көлемдірек мәтіннің соңына дейін сөздерді тіркеспен оқыңыз. Көзіңіздің қамту қабілетіне сәйкес екі не үш, қажет болса төрт сөзден біріктіріп оқыңыз. Көзіңіз автоматты түрде сөйлемді тіркестерге бөліп алуға дағдылануы керек. Тиыннан сомның құралатыны сияқты, білім де оқығанның түйірлерінен құралады. В.И.Даль баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 101 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |