Оқы, оқы және оқы
07/11/2022, 20:19

КӨЗДІҢ КӨРУ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТУ

Сіздің көзіңіз – әлемдегі ең ғажайып мүше. Көздің көру шекарасын да бұған дейін тәжірибе барысында айтып өттік. Енді бізге іс жүзінде көздің көру шекарасын арттыру керек.

 

2-3-5-3-2 техникасы

Қолыңызға кітап алыңыз. Өзіңізге тілі жеңіл, түсінікті, шрифті тым майда емес, жақсы кітап болғаны жөн. Бұл әдіс арқылы сіз көзіңіздің көру шекарасын кеңейтесіз. Шульте кестесінен айырмашылығы: бұл жаттығуды бірден кітаптың өзінде жасайсыз.

Жаттығудың жасалау ережесі:

  • секундомерді 1 минутқа қосыңыз: парақты екі жол-екі жолдан солдан оңға, оңнан солға қарап шығыңыз. Яғни көзбен екі жолдың ортасын ұстап тұрып, солдан оңға, сосын оңнан солға қарап шығыңыз. Сосын астыңғы екі жолға өтіңіз. Бір минут біткенше осылай жасайсыз. Түсінудің қажеті жоқ, тек сөздерді көріп шықсаңыз жеткілікті.
  • секундомерді тағы 1 минутқа қойыңыз: сол парақты басынан бастап үш жолдан біріктіріп, қарап шығасыз. Солдан оңға және оңнан солға. Яғни көзбен үш жолдың ортасын ұстап тұрып, солдан оңға, сосын оңнан солға қарап шығыңыз. Сосын астыңғы үш жолға өтіңіз. Бір минут біткенше осылай жасайсыз.
  • секундомерді тағы 1 минутқа қойыңыз: сол парақты басынан бастап бес жолдан біріктіріп, қарап шығасыз. Солдан оңға және оңнан солға. Яғни көзбен бес жолдық ортасын ұстап тұрып, солдан оңға, сосын оңнан солға қарап шығыңыз. Сосын астыңғы бес жолға өтіңіз. Бір минут біткенше осылай жасайсыз. Қайталап айтамыз: мақсат түсіну емес, сөздерді тану.
  • тағы 1 минут: сол парақты басынан бастап үш жолдан біріктіріп, қарап шығасыз. Солдан оңға және оңнан солға. Яғни көзбен үш жолдың ортасын ұстап тұрып, солдан оңға, сосын оңнан солға қарап шығыңыз. Енді астыңғы үш жолға өтіңіз. Бір минут біткенше осылай жасайсыз.
  • тағы 1 минут: парақтың басынан бастап екі жол-екі жолдан солдан оңға, оңнан солға қарап шығыңыз. Яғни көзбен екі жолдың ортасын ұстап тұрып, солдан оңға, кейін оңнан солға қарап шығыңыз. Тағы астыңғы екі жолға өтіңіз. Бір минут біткенше осылай жасайсыз.
  • Енді сол оқыған бетті бір жолдан солдан оңға қарай түсініп, барынша тез оқуға тырысыңыз. Бұл жолы еш қиналмай-ақ сөздерді түсініп, оқи аласыз.

 

Жылдам оқитын тұлға

Джон Кеннеди

Бұл кісінің алғашқы жылдамдығы минутына 284 сөзден тұрған. Өзін жетілдіру арқылы минутына 1000 сөзден оқитын деңгейге жетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 98 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: