Оқы, оқы және оқы
31/10/2022, 13:55

КӨЗДІҢ КӨРУ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТУ

Сіздің көзіңіз – әлемдегі ең ғажайып мүше. Көздің көру шекарасын да бұған дейін тәжірибе барысында айтып өттік. Енді бізге іс жүзінде көздің көру шекарасын арттыру керек.

 

Шультенің пайдасы

Кестемен біраз жұмыс істеп, көзіңіздің көкжиегі кеңейді. Енді сіз бірден кітап алып, жаттығуды жалғастыруыңыз керек. Кітаптан бірден 3-5 тіркес немесе 1-2 қатарды бірден көруге тырысып, оқуды жалғастырыңыз. Кестемен жаттығуды кітап оқумен жалғастырмасаңыз, онда оның пайдасы жоқ. Шульте кестесін пайдалану – футбол алдында денені қыздыру секілді. Қыздырынып алып, ойнамай кетіп қалсаңыз, қалай болады?

Ұялы телефонға, компьтерге арналған бағдарламалар көп. Соларды жүктеп алып, жаттықсаңыз болады. Бір кестеге кететін орташа уақыт мөлшері – 25 секунд, яғни бір санға бір секунд. Кейбір бағдарламаларда бір санды тапқанда, қалған 24 санның орны ауысып кетеді. Сонымен қатар, 5х5 кестеге әбден үрйенсеңіз, 7х7 кестеде бағыңызды сынап көріңіз. Бастысы: жаттығуды бітірген соң кітап оқуды ұмытпаңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 87 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: