26/10/2022, 06:48 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
КӨЗДІҢ КӨРУ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТУ Сіздің көзіңіз – әлемдегі ең ғажайып мүше. Көздің көру шекарасын да бұған дейін тәжірибе барысында айтып өттік. Енді бізге іс жүзінде көздің көру шекарасын арттыру керек.
Шульте кестесі Шульте кестесі арқылы көздің көрц шекарасын жылдам кеңейтуге болады. Қолдану оңай, нәтижесі де тез көрінеді. Кесте 5х5 ұяшықтан, яғни 25 саннан тұрады. Оның мысалы суретте көрсетілген.
Шульте кестесін қолдану шарты: көзді кестенің дәл ортасына бағыттаймыз. Кестеде ол 8-саны. Көз бен кестенің арасындағы қашықтық шамамен 30-40 см. Көзді йентрден айырмаған күйі 1-ден 25-ке дейінгі сандарды өсу ретімен табу керек. Ескерту: көзді жоғары-төмен, оң мен солға жылжытуға болмайды! Сандарды барынша тез табуға тырысу қажет. Бір отырғанда 10-15 минут ішінде бірнеше кестемен жаттықса жетіп жатыр. Егер көзді жылжытпай, сандарды табу мүлдем мүмкін болмаса, онда былай жеңілдік жасауға болады. Көзіңізді жоғары, сосын төмен жылжытып көресіз. Оң-солға жылжытуға болмайды. Сіздің көзіңіз бір қарағанда 5 санды оңай көруі тиіс. Суретке қараңыз.
Бұны меңгерген соң енді келесі суреттегідей жоғарыға және төменге бір-ақ рет жасау керек. Бір қарағанда жоғарыдағы екі қатарды бірден көру керек, дәл солай төменге қарағанда, төмендегі екі қатарды бірден көру керек. Суретке қараңыз.
Енді бұған көзіңіз үйренген соң, келесі сатыға көшеміз. Көзді ортадан сәл жоғары жылжыту арқылы жоғарғы ұяшықтарды тұтас көреміз. Сәл төмен жылжыту арқылы төмендегі ұяшықтарды тұтас көреміз. Суретке қараңыз.
Ары қарай сандарды табу да жеңілдейді. Енді сіз көзді жылжытпай-ақ 25 ұяшықты көре аласыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Просмотров: 97 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |