Оқы, оқы және оқы
17/10/2022, 20:51

МЕНІҢ ҒАЖАЙЫП КӨЗДЕРІМ

Жылдам оқуға кіріспес бұрын алдымен өзіңізге деген сенімділікті оятуыңыз керек. Сенімділік – өзіңе деген сенімділікті оятуыңыз керек. Сенімділік – өзіңе сенгенде ғана оянады. Жылдам оқып үйренетініңізге сенесіз бе? сенімділікті ояту үшін көзіңіздің мүмкіндіктері жайлы айтайық. Олай босла, көзіңіз қандай қабілетке ие? Жылдам оқуға қолдана алатын деңгейде ме?

Сіздің көзіңіз 1/500 (бір секундтің бес жүзден бір бөлігінде) секундта ақпаратты қабылдап үлгереді! Демек, сіз кідіріске 1 секунд жұмсап жүрсеңіз, онда 0,5-ке азайту түк те қиын емес. қиын емес, себебі көзіңіз 1 секундта бір миллиард ақпарат (!) (кей дереккөздерінде 10 миллион бит ақпарат) бірлігінен тұратын суретті өңдеп қабылдай алатын қабілетке ие! Бұл ғылыми дәлел!

Сіздің көздеріңіз – адамзат әлі зерттеп, сырына бойлап бітпеген ең ғажап мүше. Аспанға үздіксіз көз салып, алыстағы тіршілікті көретін қазіргі таңдағы ең мықты телескоптар, бір жасушалы ағзаларды көретін микроскоптар, жетілдірілген небір мықты фотоаппараттар сіздің көзіңізбен жарыса да алмайды.

Әрбір көз 130 миллион жарық рецепторынан тұрады. Олардың әрқайсыс секундына ең аз дегенде 5 фотонды (жарық энергиясының бөлшегі) ұстап үлгереді.

Көздің қарашығы объектінің алыс не жақындығына қарай, айналаның жарық не қараңғы болуына қарай көлемін өзгерте алатынын білеміз. Мұны мысықтан байқауға болады. Неғұрлым жарық болса әрі объект жақын тұрса, соғұрлым көз қарашығының диаметрі аз болады.

Керек десеңіз, көздің қарашығы эмоцияға қарай өзгереді. Сіз сұлу адам көрсеңіз, онда қарашығыңыздың үлкейіп жатқанын біліңіз.

 

Көзбен емес, мимен оқисыз

Жарықтың фоторецептроларынан құралған сурет (кез келген сурет) көздің қарашығында тұрып, жүйке жүйесі арқылы көруге жауап беретін ми бөлігіне, яғни шүйдеге барады. Ең қызық жері, бұл ми бөлігі бастың алдыңғы емес, артқы бөлігінде орналасқан.

Көз шамамен он миллион түстің түрін ажырата алады!

Көз сөзден сөзге секіріп оқу барысында, тоқтаған кезде ғана ақпаратты қабылдайды.

Біз бір затқа қараған кезде көз мүмкіндігінің 20%-ын қолдана екенбіз. Қалған 80%-ы қайда жұмсалады? Сөйтсек, 80%-ы айналаны бақылап тұрады екен. Неге бұлай өйткені оқиғалардың көбі айналамызда болып жатады. Бізге қандай да бір зиян тимесі үшін көз әрдайым бақылауда болады. Қоршаған ортада түрлі құбылыстар жүріп жатады. Жапырақ ұшып, жел соғып, машина жүйткіп, құстар қанат қағады. Төбеден кірпіш құласа, сіз сақтанып үлгересіз. Себебі айналаны бақылап тұрған көз оны қалт жібермейді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 108 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: