Оқы, оқы және оқы
10/10/2022, 19:19

ОҚУ ЖЫЛДАМДЫҒЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

Жылдам оқып үйренсеңіз, сізде ерекше қабілет пайда болады. Жылдам оқу дегеніміз – кітапты басынан аяғына дейін минутына 1000 сөзден оқып шығу емес. оқу әртүрлі болып келеді, ол кітапқа байланысты. Сізден минутына қанша сөз оқисыз деп сұрайтындар табылады. Оған нақты жауап беру қиын. Өйткені икемділік әр кезде әрқалай. Кітаптың кей бөлігі оқиғалар желісімен жазылса, зуылдап оқи аласыз. Ал ойландыратын сөздер жазылған беттерді оқи сала, кідіріс жасап, автордың философиясы туралы ойланасыз. Өз ойыңызды қорытып, авторға өзіңіздің айтатын пікіріңізді қалыптастырасыз: қарсы шығасыз немесе қолдайсыз. Сол жерге стикер жабыстырып, алдағы уақытта қайта айналып соғамын деп белгілейсіз.

Тұлғалық даму туралы кітаптар да сондай. Кей бөлігін жылдам оқисыз. Автор пайдалы кеңес ұсынғанда, тоқтап, оған стикер жабыстырып, өмірде қолдану керек деп шешім қабылдайсыз. Кітапты жауып тастап, берілген кеңесті амалға асырмайынша, оқуды жалғастырмауға болады.

Егер бір түнде бірнеше кітапты тез меңгеріп шығу керек болса (айталық, емтихан үшін), онда ерекше жылдамдықпен оқуға болады. Бәрі мақсатқа байланысты. Бұл өзі шопырдан көлікті қаншалықты жылдам айдайсың деп сұраған секілді. Ол болса жылдамдық өліктің жағдайына, жолдың сапасына, ауа райына, жолдың таныс-таныс еместігіне, жолдағы жылдамдық шектеулеріне, асығып не асықпай баратынына қарай белгілі болады деп жауап беруі мүмкін.

 

Жылдам оқыған тұлға

Син Адам

Син бала кезінде көзі онша көрмей, біршама уақыт емдеткен. Көзге жасалатын жаттығуларды үзбей, сабыр мен тұрақтылықтың арқасында жылдам оқуды меңгереді. Ол минутына 3850 сөз оқиды. Жылдам оқудан болған жарыста ол өзінің жеке рекордын орнатып, минутына 4550 сөз оқиды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 111 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: