26/09/2022, 12:14 | |
МЫНА ҚАТЕЛІКТЕРГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ! Мектепте оқытқан әдістерден қалған қажетсіз әдеттер өмірімізде қалыптасып кеткен. Солар жайында қысқаша айтып өтпекпіз.
Басынан аяғына дейін оқу Кітап, газет-журнал, тіпті оқулықты да басынан аяғына дейін оқып шығу – міндет емес. қажетсіз ақпарттардың не керегі бар? Құры босқа күш, уақыт кетеді. Оқығанымыз пайдалы болсын десек, бұл әдеттен арылу қажет.
Түгел түсіну Кітапты бастан-аяқ оқысаңыз, оқығанның бәрін түсіну керек деген нәрсе – қате. Олай жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол міндетті де емес. бір мәтінді кейде бірнеше рет оқысаңыз да ештеңе түсінбейтін кездер болады. «Оқысам да дым түсінбеймін» деп өзіңізді жазғырудан абай болыңыз.
Есте сақтап алу Кітапты басынан аяғына дейін оқып, оны бірден түсініп, мазмұнын айта алуыңыз керек дейтін түсінік тағы – қате. Мектепте мәтіннің мазмұнын айту үшін бірнеше рет оқитынбыз. «Мұғалім, бір қайталап алайыншы» деп сұранатындар да болатын. бұл қалыпты нәрсе.
Жылдам оқыған тұлға Джон Милль философ-утилитарист Бұл мырза әлемдегі ең мықты данышпандар тізімінің 90-орнында тұр. Ол кітап оқығанда бір бетті бірден көре алған. Оның әкесі университетте профессор болған. Ол бала Джонға кітап беріп, ең қысқа уақытта оқып бітіруін тапсырады. Артынан екеуі кітапты талқылайды. Бұл әдісті сіз де қолдана аласыз. Яғни, сізді ойыңызда жүрген тақырыптағы кітапты тез оқып шығасыз. Түсінген ақпаратты досыңызбен талқылайсыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 95 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |