Оқы, оқы және оқы
19/09/2022, 21:35

САУСАҚПЕН ОҚУ

Негізінде, саусақпен оқу әдісі – жылдам оқудың бір құралы. Мұндағы айтқымыз келгені – адамның саусағы жуан болғандықтан, сөздерді немесе жолды жауып қалады. Ал адамның көзі бір сәтте көптеген жолдарды, көп сөздерді көре алады. Ал оған саусақтың көлемі кедергі жасап, назарды жауып қалады. Сондықтан саусақтың орнына жіңішке таяқша немесе басқа зат қолданған абзал.

Жаттығу:

Бір жарым беттік кез келген мәтінді қарындашпен оқыңыз

 

КОНЦЕНТРАЦИЯНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ

Көп оқырмандар кітап оқу барысында ұйқысы келетінін айтады. Тіпті кейбір адамдар тез ұйықтау үшін жатар алдында кітап оқитынын алға тартады. Анығында, кітап оқу қалай жүзеге асады? Сіз қолыңызға кітап алып, оқып отырасыз. Біршама уақыттан кейін, мүмкін 20-30 минуттан соң ұйқы келе бастайды. Есінеп отырып, кітапты ары ысырасыз. Бұл ұйқыңыздың келгенінің белгісі. Ми оқылған ақпаратты қорыту үшін әр жарты сағат сайын үзіліс жасайды. Сол кезде адамның ұйқысы келеді. Оны ұйқы келді деп қабылдамай, сүт пісірімдей уақыт демалған жөн. Ары-бері жүріп, дене жаттығуын жасап, қозғалған дұрыс. Ұйықтар алдында жаттаған тақпақты оянған кезде жаңылмай айтып берген кездері болған шығар. Себебі ми қабылданған ақпаратты, яғни тақпақты түнімен орын-орнына қойып, сақтайды. Оянғанда бәрі дайын әрі айтуға жеңіл болып тұрады. Бұл жерде де солай.

Зерттеулерге сүйенсек, тапжылмай екі сағат кітап оқығанда мида сақталатын ақпарат пен әр жарты сағат сайын үзіліс жасап оқығанда сақталатын ақпараттың арасы жер мен көктей екен. Сондықтан кітап оқу барысында жарты сағат сайын сәл-пәл демалыңыз. Басыңыз да тынығады, ұйқы да келмейді.

 

ЫДЫС ЖУҒАНДА ТЕК ЫДЫС ЖУУДЫ ОЙЛА

Жапондардың осындай кеңесі бар. Бұл назарды бір жерге, бір іске шоғырландыруға үйретеді. Біз кітапты қалай оқимыз? Кітаптың бір абзацын оқимыз. Телефонға келген хабарламаны қараймыз да, қайтадан оқимыз. Ас үйге барып бір нәрсе жейміз де қайтып келіп оқимыз. Бір цитата ұнаса, телефонға жазып аламыз. Енді оны инстаграмға салғымыз келе қалады. Оны да саламыз. Ары қарай қайта кітапты ашамыз. Басқа бөлмеден біреудің даусы естілсе, елең етіп тыңдаймыз. Кітапты қайта жалғастырамыз. Бұлай оқыған оқу бола ма? Есімізде не қалады?

Сондықтан кітап оқығанда тек кітап оқыңыз. Ойыңызда сол болсын. Басқа бөтен ойға барынша көңіл аудармаңыз.

Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.

Мұхтар Әуезов

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 98 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: