12/09/2022, 20:58 | |
ЖЫЛДАМ ОҚУҒА КЕДЕРГІЛЕР Бойымызда жылдам оқуға кедергі келтіретін әдеттер бар. Олар мектептегі әріп танудан басталып, сол күйі өзгермей қалып қойған. Оларға: дауыстап оқу, іштей оқу, қайтадан оқу, саусақпен оқу, концентрацияның жоқтығы жатады. Бұлардың әрқайсысына тоқталып өтеміз. Біздің мақсатымыз ьұл кедергілерді жою емес, оларды жою мүмкін емес. оған едәуір күш кетеді. Бірақ оны дұрыс бағытқа бұрса, жақсы нәтиже әкеледі. Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Әлішер Науаи
ДАУЫСТАП ОҚУ Бізді мектепте буынға бөліп оқуды үйретті. А + Л = АЛ; М + А = МА; АЛМА! Буынға бөліп оқи отырып, біз дауыстап айтамыз. Оқы және қайтала! Бұл әдіспен мектеп бітіргенше оқыдық. Ақырында әдетке айналып кетті. Қазір газет, кітап, жаңалық оқысақ та күбірлеп оқимыз. Бізге солай ыңғйлы, түсінікті көрінеді. Бірақ, ақиқаты сол, бұлай оқу – баяу оқудың негізгі белгілерінің бірі. Негізінде, біздің көзіміз бір қарағаннан-ақ тұтас бетті суретке түсіріп, бетіндегі барлық ақпаратты қамти алатын қабілетке ие. Көздің осыншама қабілеті бола тұрып, оны шектеу дұрыс па? Дауыстап оқу әдетінен арылу үшін тек көзбен оқуды бастаңыз, әдетке айналдырыңыз. Күн сайынғы жаттығулардан кейін дауыстап оқудың аса қажет емес екенін байқайсыз. Дауыстап оқығанға қарағанда көзбен оқығанда 10 есе жылдам оқи бастайсыз. Жаттығу: Кемінде үш абзацтан тұратын кез келген мәтінді дауыссыз режимде, көзбен оқыңыз
ІШТЕЙ ОҚУ Бұл – дауыссыз режимде, оймен дауыстап оқу. Сізден ешбір дыбыс шықпайды, бірақ санаңызда сөздерді дауыстап оқисыз. Бұлай оқу арқылы мидың жылдам оқуға бейім қабілетін шектейсіз. Сөздерді оқымай, жай ғана сурет секілді қарап өтсеңіз, соның өзі миға түсінуге жеткілікті. Жаттығу: Бір беттік кез келген мәтінді көзбен оқыңыз
ҚАЙТА ОҚУ Оқып кеткен жерді қайтадан оқу – көп адамға тән әдет әрі оқуды баяулататын ең зиянды әдіс. Иә, түсінеміз, ойың басқа жаққа бөлініп, кейде оқыған жеріңізді оқымаған адамдай түк түсінбегеніңізді аңғарасыз. Қайтадан артқа қайтасыз. Маңызды ақпарат оқылмай қалғандай немесе тұтас кітапты түсінбей қалатындай сезімде боласыз. Бірақ байқағанымыз – қайта оқылған ақпараттар кітаптың мазмұнына әсер етпейді. Оны оқымай кеткен оқырман еш нәрсе жоғалтпайды. Келесі жолы оқығаныңызды түсінбей артқа қайтып, қайталап оқығыңыз келсе, оған мән бермеңіз. Ары қарай жалғастыра беріңіз. Жаттығу: Кемінде үш абзацтан тұратын кез келген мәтінді оқу кезінде бір жерін түсінбей қалған секілді болсаңыз да, артқа қайтпай, оқуды жалғастырыңыз Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, Өзгені де тану үшін кітап керек. Расул Ғамзатов баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 106 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |