Оқы, оқы және оқы
08/08/2022, 19:23

ОҚУ ЖЫЛДАМДЫҒЫҢЫЗ ҚАНША?

Тексеріп көріңіз

Әлдеқандай кітапты тоқтап қалмай оқып жатқан болсаңыз – ол сіздің жылдам оқуға деген берік ниетіңізді білдіреді. Құттықтаймыз! Сіз жылдам оқудың пайдасын көп көретін боласыз.

Кез келген істің шебері болу оңай емес. оған ұзақ уақыт машықтанып, жаттығу қажет. Ағаштан түйін түйіп, ою ойған шебер ең алғаш ағашты аралап үйренетіні белгілі. Бәріміз «А» деген әріпті танудан оқуды бастағанбыз. Сол секілді біз де алғашқы жатығуды бастаймыз. Сол секілді біз де алғашқы жаттығуды бастаймыз. Бұл жаттығу сіздің оқу жылдамдығыңызды анықтау үшін беріледі. Ал кітапты оқып біткенде тағы да осындай жаттығумен нәтижеңізді тексеріп, өзгерісті көретін боласыз. Біраз уақытқа созылған жаттығулардан кейін оқу жылдамдығыңыз артқанда, алғашқы деңгейіңізді езу тартып еске алатын боласыз.

№1-жаттығу

Мақсаты: оқу жылдамдығын тексеру

Шарты: Секундомерді қосып, айталық, 1433 сөзден тұратын кез келген мәтінді оқып біткенде тоқтатыңыз.

Енді оқу жылдамдығын есептейміз. Мәтіндегі сөз санын оқылған минут мөлшеріне бөлеміз. Сонда сіздің минутына қанша сөз оқитыныңыз шығады.

Мысалы, сіз таңдап алған мәтінде 1433 сөз бар делік. Егер 7 минутта оқып бітсеңіз, 1433 : 7 = 204 сөз/мин. Егер 6 минут 19 секундта бітірсеңіз: 6 мин 19 сек = 379 секунд. 1433 : 379 = 3.8 сөз/сек. Оны 60 секундқа көбейтсек, 226 сөз/мин.

Кітап оқудың арқасында өзіңізді қатты дамытып, әріптестеріңізден жоғары тұра аласыз.

(Джек Ма)

 

Жылдам оқыған тұлға

Лоуэлл Лиис, профессор

АҚШ-тың Юта штатында университетте дәріс оқитын профессорға Эвелин деген студент 80 беттен тұратын курстық жұмысын тапсырады. Бір айда оқып, пікір жазып қайтарар деген ойда болған студент қызға профессор 10 минутта жұмысын тексеріп, қайтарғанда, қалай таңғалғанын көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Артынан сұхбаттасу барысында профессордың тек оқып қана қоймай, толықтыру керек бөлімдерді, қате кеткен тұстарды айтып берген екен. Сонда орташа есеппен профессор Лиис минутына 2500 сөзден оқыған.

Эвелин Гуд бұл оқиғадан әсерленіп, кейіннен Жылдам оқу институтын құрып, сабақ берген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 118 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: