Оқы, оқы және оқы
02/08/2022, 20:37

КІТАП ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Оқуға ыңғайлы отырыстар

  1. Жұмсақ орындыққа арқаны тигізіп, 135 градус қиғаштай отырып, аяқты еденге қою керек. Мойынға күш түспеуі тиіс.
  2. Орындыққа отырып, екі шынтақты үстелге қою керек. Кітапты алдыға қою керек, ал тіреуіш болса, тіпті жақсы.

 

Көп кітап оқудың пайдасы бар ма?

Әрине, пайдасы орасан. Көркем әдебиеттен алар пайдаңыз – сөздік қорыңыз артады. Шешен сөйлеуге, әдемі сөз оралымдарын жазуға жақсы көмектеседі. Сіз сол тұрақты сөз тіркестерін қолданам деп ойланбайсыз, бірақ ыңғайы келген жерде әлгі сөз аузыңызға түсе қалады. Сөзіңіз өтімді, мысалыңыз маңызға ие бола бастайды.

Тағы бір пайдасы: адам түпсанасында күніне екі миллиондай шешім қабылдайды. Ал түпсанаңыздың негізгі қоры пайдалы ақпараттармен толса, онда өмірдің түрлі салаларында қажетті уақытта қажетті ақпарат басыңызға сап етіп түседі. Мысалы, сіз қазір жүзуді үйренсеңіз, оны ертең қолдануыңыз екіталай. Ал он жылдан кейін суға батқан біреуді құтқарғанда қажет болуы мүмкін. Кітаптың ақпараты да сол секілді. Қашан кәдеңізге жарарын білмейсіз. Уақыт өте келе алдыңыздан шыққанда, кітаптан оқыған ақпарат екенін білім отырасыз.

Адамды адам еткен – кітап.

Адамзат еткен – кітапхана.

(Әбіш Кекілбаев)

 

Оқырманға кеңес

  1. Кітап оқуға арналған орын болғаны дұрыс. Ыңғайлы әрі ауасы таза болғаны жақсы.
  2. Жарық сол жақтан түсуі керек.
  3. Кітап пен көз арасы 30-35 см болғаны абзал.
  4. Жолда кітап оқымауға тырысу керек. Себебі көзге салмақ түседі.
  5. Кітапты тыныштықта оқыған абзал. Себебі адамның назарын аударып, ойын бұзатын нәрселер болмайды. Ақпарат та жақсы меңгеріледі.
  6. Кітаптың жанында дәптер болғаны жақсы. Кітаптан түртіп алатын ақпараттар, жаңадан туындаған идеялар, дәйексөздер болады, соларды дер кезінде жазып отыру керек.
  7. «Помодоро» тәсілін қолданыңыз. Яғни, 25 минут кітап оқып, 5 минут демалыңыз. Демалыс кезінде телефоныңызды қарап, су әкеліп, көзге жаттығу жасап алыңыз.
  8. Кітаптан конспект жасаған дәптерді қайталап оқып тұрыңыз. Ол жаңа кітап оқуға шабыт береді, идеяларды еске түсіреді.
  9. Оқитын кітаптардың тізімін жасап қойыңыз. Бұлау жасаудың пайдасы сол, не оқимын деп ойланғанда кітабыңыз әрдайым дайын тұрады әрі қанша кітап оқығаныңыз да көз алдыңызда тұрады.
  10. «Бақуатты адамдарда – үлкен кітапхана, кедейлерде – үлкен теледидар болады» деген өмірден алынған сөз бар. Сондықтан өзіңізге ұнаған, айтары көп, пайдалы кітаптарды өз кітапханаңызға жинағаныңыз жөн. Ол үшін, қажет болса, айлығыңыздың аз ғана бөлігін (5%) жұмсап оытрсаңыз жеткілікті.
  11. Күн сайын оқитын бір уақытыңыз болғаны дұрыс, мысалы, 1-2 сағат. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда бір күн ішіне бөліп тастап, 20-30 минуттан оқыңыз.
  12. Егер аудиокітап таңдасаңыз, ол көркем әдебиет болғаны дұрыс. Ал талдауды қажет ететін кітаптарды қағаз түрінде оқыған дұрыс.
  13. Оқыған кітаптарыңызбен бөлісіп отырыңыз. Егер бөліссеңіз, оқығаныңыз есіңізде қалады.

Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.

(Ғабит Мүсірепов)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 110 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: