08/04/2025, 11:41 | |
ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР Ең атақты кітап ұрлаушы Ғылымда кітап ұрлаушыларды библиоклептоман деп атайды. Дүниедегі ең атақты кітап ұрысы – Стивен Блумерг. Ол 270 кітапханадан 23 мыңға жуық таңдаулы жауһар кітаптарды ұрлаған. Оның кітапхана қорының құны 20 млн доллардан асып жығылады. Блумерг шизофрениямен ауырған және кітапқа құмарлығы өте жоғары болған. Ол ұрлаған кітаптарының бірде-біреуін сатпаған және бүлдірмеген. Тек үйінде сөрелерге жинай берген. Қылмысы әшкере болып, тұтқындалар кезде оның үйі кітап шығаратын баспаға ұқсаған екен. Түрмеде жатқан шағында да ол түрме кітапханасының тұрақты оқырманы болған екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |