31/03/2025, 17:03 | |
ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР Қызыл кітап неге олай аталған? Барлығымызға таныс Қызыл кітап – табиғатты қорғауға арналған кітап. Онда жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің тізімі жазылған. Сізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық па? Неге дәл қызыл түс деп ойлайсыз? Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы жаны бар барша тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын. Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап тіршілік иелерінің өмірі қыл үстінде тұрғандығын білдіреді. Дәл смартфонымыздың экранындағы бұрышта қуаттың көрсетілуі сияқты. Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кіапта жазылған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |