17/03/2025, 23:46 | |
ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР Кішкентай кітапхана Мобилді байланыстың кең даму себебінен телефон будкалары қолданыстан толық шықпаса да, қолдануы бұрынғыдан қаншама есе азайып кетті. Осының себебінен Британияда телефон будкалары арзан бағаға сатылып жатыр. Тапқыр британдықтар ол будкаларды сатып алып, душ, кішігірім қойма ретінде қолданып жатыр. Британияның Уэстбери-саб-Мэндип деп аталатын қалашығының тұрғындары да осындай будканы сатып алып, өздерінің қалаларына кітапхана ретінде орнатыпты. Бұл кітапхана дүние жүзіндегі ең кішкентай кітапхана және тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн үздіксіз жұмыс жасайды. Сонымен қатар бұл кітапханаға түнде оқуды жақсы көретіндер үшін жарық та орнатылған. Қала тұрғындары будкаға сөрелер орнатып, кітаптарды жанрлары бойынша бөліп орналастырып та қойған екен. Әрине бұл кітапханада кітапханашы жоқ. Ұрғындар үйлерінен кітаптар әкеліп орналастырады және оқығысы келген кітаптарды үйіне алып кетіп, оқып болған соң орнына қайта әкеліп қояды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 24 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |