Оқы, оқы және оқы
11/03/2025, 12:29

ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР

Ең ежелгі кітап

Әлемдегі ең ежелгі кітап Присс папирустары болып табылады. Ол б.з.б. 3350 жылы жазылған. Бұл қолжазба, оны 1839 жылы Фивадан тапқан Эмиль Присстің құрметіне осылай аталған. Қолжазбаның авторы – перғауынның уәзірі Пта-Готеп. Бір қызығы, қолжазбада ол жастардың тәрбиесіздігіне, ақымақтығына, мінез-құлықтарының өзгергеніне налыған екен. Демек, қазіргі «жастар бұзылған» деген сөз біздің заманымызға дейін де айтылған болып тұр ғой.

 

Ең қымбат кітап

Әлемдегі ең қымбат кітап – «Лестер кодексі» деп аталатын Леонардо да Винчидың ғылыми трактаты. «Жер, су, аспан денелеріне» арнап жазған бұл ғылыми туындысының бүгінгі иесі – Билл Гейтс. Жиырма төрт миллион тұратын кітапты тек айна арқылы оқуға болады екен. Себебі кітап кері басылған.

 

Ең дарынсыз авторға сыйлық

Бұрын Батыс Германияда «Конкрет» атты журнал шығып тұрған екен. Бір қызығы, журналдың ең жаман шығармаға немесе жылдың ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен. Осылайша әдебиет әлемін дарынсыз автрлардан, қызықсыз шығармалардан тазартып отырған екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: