Оқы, оқы және оқы
04/03/2025, 00:27

ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР

Кітап оқуға арналған дәмхана

Түркияның Диарбақыр қаласындағы дәмханалардың бірінде клиенттер ерекше жолмен есеп айырысады. Ішкен шайы үшін ақысын ақшамен емес, кітап оқумен өтеуі тиіс екен. Қожакей ауданында орын тепкен аталмыш дәмхананың қожайыны ағартушылық бағытта жұмыс жасайды екен. Осындай жолмен ол қалта телефонына үңіліп, кітап бетін ашпай кеткен адамдардың ынта-зейінін кітапқа аударуды көздейді. Күніне бір сағат кітап оқыған клиент күні бойы тегін шай мен кофе іше алады. Клиенттер ол үшін өздерімен бірге кітап ала келуі шарт емес. Аталмыш дәмхананың өз кітапханасы бар. Таңдағанын оқыса, жетіп жатыр. Дәмхана қожайыны 38 жастағы Ердоған Құлаш кітаптың адам өміріндегі маңызы зор екенін, адамның рухани жетілуі мен елдің көркеюіне кітап тікелей қатысы бар екенін адамдарға түсіндіргісі келеді екен. Қазіргі таңда дәмхана қожайынының бұл бастамасы клиенттер тарапынан қолдау тауып, оқырмандар қатары қалыңдап келеді. Осыған орай қожайын дәмханадағы кітапхана қорын молайтуды көздеп отыр. Шай ішіп отырып, кітап оқығанға не жетсін дейді жергілікті оқырмандар. Ал сіз елімізде сондай дәмханалар ашылуын қалар ма едіңіз?

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 22 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: