17/02/2025, 23:04 | |
ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР Ішуге болатын кітап «Drinking Book» - ішуге болатын кітап. Оның негізгі сипаттары мынадай: Бұл кітаптың тек 26 беті бар, сыртынан қарағанда басқа кітаптардан ешқандай ерекшелігі жоқ. Бірақ, мұқаба беті болсын, әлде ішкі парақтары болсын бәрінде Drinking Book деген көмескі жазу жазылған, осы арқылы бұл кітаптың өзгешелігі бейнеленіп тұрады. Бұл кітап 2015 жылы дүние жүзіндегі ең керемет 25 жобаның бірі болып бағаланған. Бұл кітапты шығарған қыздың есімі: Theresa Dankovich, лақап аты Тери екен. Жоғары білімді химия докторы бола тұра, ол тек қана алған біліміне қанағаттанбай, қайткенде білімін керекке жарату жөнінде көп ойланып жүреді. Ол зертханада 8 жыл тұрғаннан кейін «Нано күміс» деп аталатын ионды тосыннан байқайды. Бұл «Нано күміс» - бактерияның қас жауы, оны жойып жібереді. Тери бактерияның құрсауынан құтылмаған елдерді іздейді. Оның есіне бірнеше жыл алдындағы Африкада болған сапары түседі. Ол жақтың табиғаты тамсандырғанмен, көзімен көрген бір іске қатты қайғырған болатын. Ондағы балалар таза су іше алмайтын. Құдық су болғанмен, одан шыққан су өте лай еді. Біз үшін түк қадірі болмаған мөпмөлдір судың олар үшін осыншама қол жетпес нәрсе екенін ол сол кезде түсінеді. Дүние жүзінде жылына 663 миллион адам су тазарту құрылғылары жоқтығынана таза су іше алмайды. Соның себебінен түрлі ауруларға душар болып, өліп жатқан адамдардың санын есептеу тіпті қиын еді. Зерттеу барысында Теридің ойына кенеттен «Нано күміс ионын қағазға енгізу арқылы сүзгі қағаз жасауға бола ма?» деген ой сап ете түседі. Зертханадан шықпай бірнеше ай сапалы зерттеу жүргізіп, неше мың қайтара тәжірибе жасаудың арқасында, ол ақыры мақсатына жетеді. Ол нано күміс ионын қағазға сіңіріп, нәтижесінде ерекше сары түсті қағаз жасап шығарады. Тәжірибе барысында бұл қағаз су құрамындағы 99% бактерияны тазартатыны айқындалады. Бұл АҚШ-тың ауыз су тазарту мөлшерінен асып түседі. Бұл бойжеткенді шексіз қуанышқа бөлейді. Ол дереу зерттеу жасаған қағазын көтеріп Оңтүстік Африка, Кения, Үндістан қатарлы мемлекеттерге барып, 25 түрлі ең ауыр ластанған су қайнарын тексеріп көреді. Ол жергілікті тұрғындармен етене сіңісіп, олармен бірге осы сүзгі қағазды сынақтан өткізеді. Нәтижесі дәл өзі күткендей болады. Бірақ ол жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында, ең қорқыныштысы судың ластануы емес, қайта олардың суды пайдалану жөніндегі түсінігі таяз екенін біліп қатты таңырқайды. Енді қайтсем екен деп ойланып, бойжеткеннің ойына ақыры қонымды амал түседі. Ол азықтық дәрежедегі сияны пайдаланып суды ғылыми тұтыну жолын қағазға жазып шығып, кітап етіп бастырады. Бұл кітаптың әр парағы орта есеппен 100 литр су тазарта алады.тери атты қыздың ойлап тапқан кітабы талай адамның таза суды тұтынуына себеп болды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 21 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |