Оқы, оқы және оқы
11/02/2025, 14:43

ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР

Жарылғыш кітап

Кітап оқуды зеріктіретін іс деп қабылдайтын адамдардың көзқарасын өзгертетін мына жаңалыққа қалай қарайсыз? Америкалық жазушы джеймс Паттерсонның жаңа кітабын тұп-тура бір тәуліктің ішінде, яғни артық-кемі жоқ 24 сағаттың ішінде оқып үлгеруіңіз керек. Әйтпесе кітап 24 сағаттан кейін өздігінен жойылады. Шытырман оқиғалы Private Vegas романы оқырманды түрлі тәсілмен жылдам оқуға ынталандырады. Аталмыш кітаптың электронды нұсқасы смартфоныңыздан немесе компьютеріңізден бір тәулік өткеннен кейін жоғалып кетеді, ал оның әр беті парақтағаннан кейін жоғалады.

Ең қызығы тек 1 данамен басылған қағаз жүзіндегі кітап нағыз жарылғыш затпен жабдықталған. Оқырман кітаптың бетін ашқан сәттен бастап есептелетін уақыт бойынша 24 сағаттың ішінде оны қайткенде де оқып бітіруіне тура келеді. Кітап сандық таймермен жабдықталған – оқырман уақытты біліп отыруы үшін. Бұл кітаптың жалғыз данасы 294038 доллар тұрады. Кітаптың бұл бағасына алаңсыз кітап оқуға мүмкіндік беретін қымбат қонақ үйдің де ақысы кірген.

Сондай-ақ, роман авторы тұратын қалаға ұшып барып-қайту, онымен кітаптан алған әсеріңізді бөлісу үшін бірге дастархан басында отырып, ішіп-жейтін тағамыңыздың ақысы да кірген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: