Оқы, оқы және оқы
27/01/2025, 21:38

ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР

Еліміздегі «Пойыздағы кітапхана» жобасы

Зеріктіретін ұзақ жолдағы сенімді серігің болғаны жақсы. Жаныңда жақсы адамдар жайғасса, әдемі әңгімені өрбітіп кетесің. Ал олай болмай жатса, сізді зерігуден кітап құтқара алады. Уақыттың қалай өткенін де сезбей қаласыз, әрі күйбең тірліктің соңында кітап оқуға уақыт таппай жүргенде кітап бетін парақтауға керемет мүмкіндік туады. Басқа қалаға барар жолда басқа әлемге кіріп үлгересіз.

Еліміздегі пойыздардың бірінде «пойыздағы кітапхана» деп аталатын жоба қолға алынды. Бұл жайында «Жолаушыларды тасымалдау» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінде айтылды. Дәлірегі, кітаптар №1/9 «Бәйтерек» фирмалық пойызында «Астана – Алматы-1» бағытындағы жолаушыларға беріледі. Кітапты оқу тегін. Ең басты шарт: кітаптың еш жерін бүлдірмей қайтару. Кітапты вагондардың категориясына қарамастан барлық жолаушылар оқи алады. Пойыздағы кітап қорында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген түрлі жанрлардағы (детектив, классика, деректі әдебиеттер, фантастика, т.б.) кітаптар бар. Пойыздағы кітапхананы пайдалану ережесі қарапайым: жолсерікке қалаған кітабыңызға тапсырыс бере аласыз. Тек жетер жеріңізге бір сағат уақыт қалғанда қайтарып берсеңіз болды. Кітаптар қызмет көрсету вагонында сақталады. Ұзақ жолды тек ұйқымен, не болмаса бос әңгіме айтумен өткізудің орнына кітап оқып өткізген тиімді емес пе?

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 18 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: