21/01/2025, 10:37 | |
ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР Адам терісінен жасалған кітап Қазір кітаптың түр-түрі бар. Қағаз кітап, электронды кітап, аудио кітап т.б. Сол секілді кітаптың нұсқалары сан алуан. Сіз адам терісінен жасалған кітапты естіп пе едіңіз?! Естімесеңіз, таныс болыңыз! Адам терісінен кітап шығару XVI-XVII ғасырларда «сән болған». Ертеде адам терісімен қапталған кітап таңғалатын дүние саналмаған. Адамдар өз терісін оқу құралын қаптауға пайдаланған. Әсіресе медициналық кітаптар осындай әдіспен тысталыпты. Ал тағы бір деректерде адам өлім алдында өзін дәл осылай есте сақтауды сұрап, арнайы жасалатын болған. Кітаптарды қаптау үшін бар өмірін ғылымға арнаған зерттеушілер немесе өлім жазасына кесілген жандар терісі алынған. Айта кету керек, адам терісінен жасалған ерекше кітаптарды Англия, Франция, АҚШ, Астана қаласындағы кітапханалардан кездестіруге болады. 2014 жылы адам терісінен жасалған кітап Гарвард университетінің кітапханасынан табылған. Сарапшылар ХІХ ғасырда өмір сүрген жазушы Арсен хуссайеның «Жанның тағдырлары» деп аталатын еңбегін зерттеп, кітаптың шын мәнінде адам терісінен жасалғанын анықтаған. Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада адам терісінен жасалған кітап бар. Кітап 1532 жылы шыққан. Петрус Пуардус деген ер адамның нотариалдық жазбалары екен. Онда мәтін ескі латын графикасымен жазылған. Кітапта ақша, несие және салық жайлы жазбалар бар. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 21 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |