13/01/2025, 22:05 | |
ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНДЕГІ КІТАП Ғабит Мүсіреповтің кітаптары неге аз болған? Ғабит Мүсіреповтің жеке кітапханасы өзге ақын-жазушыларға қарағанда шағын болған. Бұдан жазушының кітаптары аз болды деуге келмейді. Себебі оның мыңдаған кітаптыр болған. Сол кітаптарының көп бөлігін туған ауылының мектебіне сыйлаған екен. Ал кітапханасында қалған кітаптардың ішінде қазақ жазушыларының еңбектерімен қатар, Шекспир, Марк Твен, Оноре де Бальзак, Гете сияқты шетел классиктерінің туындылары сақталған. Ғабит Мүсірепов жайлы мынадай қызықты дерек бар: Ол кісі тазалыққа жаны құмар адам болған деседі. Сондықтан жазбаларын қарындашпен жазған екен. Жазуында қате кетсе, өшіріп, бірден тазалап отырған. Нәтижесінде, ол қалжазбаларын бір-ақ рет жазған екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 21 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |